Алтай Көлгінов: Елордада КВИ симптомы жоқ тасымалдаушылардың денсаулық жағдайы онлайн бақыланады

283 қаралу саны

Елорда әкімі Алтай Көлгінов барлық қалалық және жеке клиникалардың бас дәрігерлерімен, ауруханалардың, талдау орталықтарының басшыларымен және қаланың бас санитарлық дәрігерімен онлайн-кездесу өткізді.

Елордада коронавирус симптомы жоқ тасымалдаушылардың денсаулық жағдайы онлайн бақыланады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Нұр-Сұлтанның медицина қызметкерлері науқастардың денсаулығын онлайн бақылап, коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларына барлық мәселе бойынша кеңес береді. Олар үй карантинінде болуы керек.

 «Қазір көптеген өтініштер келіп түсуде, соның ішінде iKomek орталығы да бар. Тұрғындар, үйде карантинде тұрған және ауру белгілері бар адамдардың да сұрақтары бар. Әр пациентпен жеке жұмыс істеу керек. Бұған біз жасаған электронды карантиндік қосымшаның көмегі зор. Бірақ бірқатар шағым бар. Шағымдардың көпшілігі № 6, 10 емханаға және «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығына келіп түседі. Дәрігерлер Zoom арқылы коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларымен онлайн кездесу өткізуі керек. Сұрақтарға жауап беріп, олардың денсаулығын бақылап, пациенттердің өзін-өзі оқшаулау режимін ұстануын қамтамасыз етуі керек. Науқаспен кері байланысы үшін басқа байланыс арналарын да қолдану мүмкіндігі бар. Симптом пайда болған жағдайда науқас ауруханаға жатқызылуы тиіс. Вирус ешқайда кеткен жоқ, сондықтан қатаң санитарлық нормаларды сақтау керек. Індеттің жаңа толқынына дайын болуымыз керек» деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.


Ары қарай оқу:


Елорданың медициналық мекемелері қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген, барлық ауруханада жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялық туннель, дәрігерлік амбулаторияларда сенсор термометр орнатылған. Бұл ғимаратқа кірген адамдардың барлығының температурасын алыстан өлшеуге мүмкіндік береді.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен емханалар мен ауруханалар аумағындағы дезинфекциялық туннельдер мен тепловизорлар саны артады. Жалпы, Нұр-Сұлтанда 2644 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. 13 маусымдағы жағдай бойынша 1 893 науқас (70%) емделіп шықты. Ауруханаларда 700-ден астам адам емделуде, олардың жартысында пневмония диагнозы расталды.

Коронавирустың науқастарға залалы түбегейлі жойылып кетпейді. Инфекция тек өкпеге ғана әсер етпейді, тіндік фиброз түрінде ошақтар пайда болады, сонымен қатар бауырға, бүйрекке, жүрекке және миға әсер етуі мүмкін. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек екенін атап өтті. «Міне, бірнеше ай бойы медицина қызметкерлері қарқынды режимде жұмыс істеп келеді. Азаматтар тек өздеріне ғана емес, дәрігерлерге де көмектесуі керек. Немқұрайлылық денсаулыққа зиян тигізбеуі керек. Санитарлық нормаларды сақтамау қалалық ауруханалардың толып кетуіне және бұл дәрігерлер әр науқасқа уақтылы көмек көрсете алмауына әкелуі мүмкін. Олардың ішінде сіздің жақындарыңыз да болуы мүмкін. Тіпті дені сау және жас адамдар да қарсы тұра алмайтын аса қауіпті инфекцияға сақтықпен қарау керек» деді Сәуле Қисықова.

Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз