Антисептикті үй жағдайында қалай жасаймыз?

240 қаралу саны

Пандемия кезінде санитарлық тазартқыштар әрқайсымыздың сенімді достарымызға айналды. Қолыңызды таза ұстау вирустардан қорғауға көмектеседі. SARS-CoV-2 табиғи түрде пайда болған вирус түрі. Сондықтан бұл вирусты кез-келген белсенді тазартқыш зат жоя алады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолды санитарлық тазартуға арналған екі рецепт қолдануды ұсынады: біреуі этил спиртіне, екіншісі изопропил спиртіне негізделген. Екі тәсіл де өз функцияларын тамаша орындайды.

Ол үшін сізге не керек?

Теріні ылғалдандыру үшін, глицерин керек. Ал микробты спораларды залалсыздандыру үшін, сутегінің асқын тотығы (перекись водорода) керек.

Қандай пропорцияда араластыру керек?⠀

1 нұсқа. 10 литрге есептегенде: этанол (96%) – 8333 мл, сутегі асқын тотығы (3%) – 417 мл, глицерин (98%) – 145 мл, қалғаны тазартылған су.⠀

2 нұсқа. 10 литрге есептегенде: изопропил спирті (99,8%)- 7515 мл, сутегі асқын тотығы (3%) – 417 мл, глицерин (98% )- 145 мл, қалғаны тазартылған су.

Араластырған соң, бірден арнайы ыдысқа құйып, қолданар алдында 72 сағат күткен дұрыс. Бұл микроорганизмдердің споралық формаларын жоюға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы

Бөлісіңіз