БҰҰ басшысы инфодемиямен күресудің жаңа бастамасын жариялады

Фото дереккөз: img.tsargrad.tv
361 қаралу саны

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирус туралы жалған ақпаратқа қарсы тұрудың жаңа бастамасы туралы мәлімдеді. Бұл туралы бейнеролик БҰҰ-ның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

«Бүгін мен көп адамдардың өміріне қауіп төндіретін зиянды ақпарат толқынына қарсы тұру үшін Интернетті фактілермен және ғылыми мәліметтермен толтыру мақсатында БҰҰ-ның коммуникация саласындағы жұмыс істеуінің жаңа бастамасы туралы жариялаймын. Ортақ іс үшін парасаттылық пен фактілерді дұрыс пайдалану арқылы біз COVID-19-ды жеңіп, сау, әділ, әділетті және тұрақты әлем құра аламыз» деді БҰҰ Бас хатшысы. Ол «өтірікпен және абсурдпен бірге күресуге» шақырды.

«Әлемдік «инфодемия» қарқын алуда. Зиянды псевдомедициналық кеңестер мен жалған рецепттердің саны артып келеді. Эфир жалған мәлімдемелерге толып кетті. Ақылға сыймайтын қастандық идеялары Интернетті жаулап алды. Жеккөрушілік ниеті вирустың өзінен де тезірек таралуда, соның кесірінен адамдар мен адамдардың тұтас бір топтары стигматизация мен демонизацияға ұшырайды. Әлем бұл ауруға қарсы бірігуі керек» деді Антонио Гутерриш.

АҚШ президенті Дональд Трамп өз өкімімен коронавирустық пандемиямен күресе алмайтындығына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бюджетіне АҚШ жарналарын төлеуді тоқтата тұру туралы шешімін жариялады. БҰҰ Бас хатшысы бұл шешім асығыс қабылданған деп санайды.

EFMN және IFCN желілеріндегі фактілерді тексерушілер қаңтар айының аяғынан бастап инфодемиямен күресуде. Осы уақыт ішінде фактчекерлер 40 елден вирустық жалғандықтар мен басқа да қауесет ақпараттың 3700-ден астамын анықтағанын жариялады.

Дереккөз: factcheck.kz
Фото дереккөз: img.tsargrad.tv

Бөлісіңіз