Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирусқа қарсы күреске қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді

30  355 қаралу саны

БҰҰ бастамашыл болған телефонмен әңгімелесу барысында COVID-19 пандемиясын және оның салдарын жою аясында БҰҰ мен Қазақстанның қабылдаған нақты іс-шаралары талқыланды.

Қазақстан Президенті пандемияның ұлттық экономика мен денсаулық сақтау жүйесіне тигізген кері әсерін жеңілдетуге қатысты БҰҰ Бас хатшысының белсенді әрекеттеріне жоғары баға берді.



Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайдың жаһандық дағдарысқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген БҰҰ мен оның агенттіктерінің маңызды рөл атқаратынын айқындап бергенін атап өтті. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға және экономиканы қайта қалпына келтіруге бағытталған БҰҰ бастамаларын толықтай қолдайды.

Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ-ның бастамаларын қолдағаны және өңірлік деңгейдегі коронавирусқа қарсы күреске қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Бас хатшы азаматтардың денсаулығын сақтау, халықтың жағдайы төмен топтарына қаржылай көмек көрсету, бизнесті қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі жаңа экономикалық бағытты айқындау мақсатында Қазақстанның қабылдаған шараларын құптады.

Дереккөз: Ақорда.кз сайты


Референс-зертхана коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

Дереккөз: zakon.kz

Кнопка домой

Бөлісіңіз