Анықтау жұмысы аяқталды

235 қаралу саны

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған туған-туыстары мен ұшақта бірге келген адамдардың бәрін анықтау жұмысы аяқталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

«Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдарды, яғни отбасы мүшелерін және ұшақ бортында екі орындық бойынша қашықтықта болғандарды анықтау жұмысы аяқталды. Қазірге дейін Нұр-Сұлтан қаласының стационарларына 138 адам ауруханаға жатқызылды. Елордадан шығып кеткендер өңірлердегі ауруханалар мен инфекциялық стационарларға жатқызылды» деді басқарма басшысы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

Сәуле Қисықова сонымен қатар 323 адам үй карантиніне жатқызылғанын жеткізді.

Бөлісіңіз