Ақыл-ой энергиясы

384 қаралу саны

Альберт Эйнштейн дүниедегі барлық нәрсенің негізінде энергия жатқанын дәлелдеп кеткенін елдің бәрі біледі. Шынында да адам медаль аламын деп алдына мақсат қойса, сол темірді төсіне тақпай тыным таппайды. Альберт мұны да қадап айтып кеткен: «Если вы настроитесь на энергетическую частоту той реальности, которую хотите создать для себя, то вы получите именно то, на что настроена ваша частота. Это – не философия. Это – физика». Дәл осы ойды қазіргі коронавирус індеті тарап жатқан кезде естен шығармаған дұрыс-ау!

Мен айтар едім, Альберт өзі таңдаған мамандықты өмір бойы сүйіп өтуге ниет қылған энергетикалық жиілікте күн кешкен сияқты. Философтар айта алмайтын ойды айтып тұрып, онысын да өзі өліп-өшіп сүйетін физикасына бұрып әкеткенін қарашы! Айтары жоқ, өзің таңдаған мамандыққа адалдығыңды сақтап, сол үшін жаныңды беріп, еңбек етуден асқан бақыт бар ма екен өзі адамда?! Ең ғажап энергетикалық жиілік деп осыны айтар болар.

 Ұйпа-тұйпа шашыңнан айналдым, лирикалық бейберекетсіздікді  ұнататын Альберт! Ақыл-ой тұнған басыңнан айналдым, физикалық реттілікке ғана жаны құмар Альберт!

Энергияның түрі өте көп. Алайда, ақыл-ой энергиясына тең келетін бірде-бір энергия жоқ. Осы энергетикалық жиілікті таңдап алған адамдарды қатты құрметтейтінімді жасыра алмаймын.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз