Артериалды гипертензия: аурудың атауы әдемі болғанымен заты өте қауіпті

266 қаралу саны

Гипертония, қандағы қанттың жоғарылауы сияқты, нағыз апат басталғанға дейін ондаған жылдар бойы тыныштықты бұзып, ағзаны бұзып жіберуге дайын тұрады.

Екі жыл бұрын кәсіби медициналық ортада маңызды оқиға болды: Алматыда артериалды гипертензия бойынша алғашқы конгресс өтті. Медицина жетекшілерінің қызықты баяндамалары және ұсыныстарымен қатар, мынадай айқын факт айтылды: ересек қазақстандықтардың шамамен 40%-ы артериялық гипертензияға бейім. Ал жоғары қан қысымы адамзаттың ең ауыр аурулары  –  ишемия, инсульт және инфарктың алғышарттары болып табылады.

Қан қысымын тексеру өте оңай: учаскелік дәрігерге барыңыз немесе артериялық қысымның автоматты бақылаушысын қолданыңыз. Тыныш жағдайда сіздің артериялық қысымыңыз 139/89 мм сынап бағанасынан аспауы керек. Бұл – норманың жоғарғы шегі, 139 – жүректің жиырылу кезіндегі қан қысымын, 89 – босаңсу кезіндегісін көрсетеді.

Осы созылмалы аурудың әлеуметтік ауқымын ескере отырып, Қазақстанда гипертониялық науқастар МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін емделуге үміттене алады. Егер сіз гипертоник болсаңыз, ең алдымен Созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламасына (АББ) тіркелуіңіз қажет.

«Ауруханаға және қымбат операцияларға дейін жеткізбей, ауруды ерте кезеңінде ескерту» – көптеген елдерде ескірген диспансерлік форматты екінші планға шығарған АББ-ның негізгі мақсаты туралы осылайша қысқаша қайырып айтуға болады.

АББ ең алдымен пациентке жеке көзқараспен, сондай-ақ пациенттің дәрігерлер тобымен: емдеуші дәрігермен, кардиологпен, эндокринологпен және басқа мамандармен тығыз қарым-қатынасымен ерекшеленеді.

Бұл парақшада емделуге қатысты барлық маңызды ақпарат, тексерулер кестесі мен зерттеу түрлері қамтылған. Жадынаманы сақтап, оны жақын адамдарыңызға беріңіз. Қосымша ақпарат алуға болатын 1406 медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығымен байланысуды ұмытпаңыз.

Бөлісіңіз