Асқар Мамин: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылады

268 қаралу саны

Қазақстанда демалыс күндері, 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған.


Ары қарай оқу:


1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:

  • сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі;
  • қоғамдық көлік жұмысы шектеледі;
  • қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;
  • фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде:

  • қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Еске салсақ, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды деген болатын.


Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз