Астанада ЖОО мен колледждің 200 түлегі пандемиямен күреске жұмылдырылды

211 қаралу саны

Нұр-Сұлтанда Астана медицина университеті мен медициналық колледждің 200-ден астам түлегі пандемия жағдайында жұмыс істеуді үйреніп, арнайы оқудан өтті.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, қазіргі уақытта олардың барлығы жұмысқа алынып, COVID-19-бен күреске атсалысып жатыр.

«Бүгінде тағы 120 түлек оқудан өтуде. Медицина университеті мен колледждің жалпы 500-ден астам түлегі COVID-19-бен күреске жұмылдырылатын болады. Оларды емханалар, ауруханалар, стационарлар мен жедел жәрдем станцияларына жібереміз. Бір бөлігі жұмысқа кірісіп те үлгерді. COVID-19 науқастарын емдеуге арналған төсек-орындар санын көбейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Пандемия басталғалы жұқпалы аураулар төсек-орындары саны мыңнан 4 мыңға дейін ұлғайтылды. Осылайша, стационарлар саны 3-тен 14-ке дейін артты. Эпидемиологиялық ахуал күрделенуі мүмкін екені ескеріліп, тағы 1,5 мың орындық резерв дайындалды. Ол үшін арнайы жабдықталған 800 төсек-орын сатып алынады», – деп жазды А.Көлгінов Instagram-да.

Мәлім етілгендей, жақын арада өкпені жасанды желдететін 200 аппарат, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы, екі компьютерлік томограф жеткізіледі.

Дереккөз: А.Көлгіновтің Instagram парақшасы

Бөлісіңіз