Ауызды тұзды сумен шаю коронавирусты жояды деген ақпарат қайдан шықты?

Источник фото: http://gde.mobi/uploads/posts/2020-01/1577982319_chon_tuz-7.jpg Ауызды тұзды сумен шаю коронавирусты жояды деген ақпарат қайдан шықты?
239 қаралу саны

Covid-19 туралы фейктер әлі де толастар емес. Factcheck.kz оқырмандардың сұрауы бойынша вирустан құтылуға болатын әдіс туралы тараған хабарламаның рас-өтірігін ажыратты.

Хабарламадан үзінді: «Коронавирус өкпеге жеткенге дейін төрт күн ішінде кеңірдекшеде қалады. Осы кезде науқас жөтеле бастайды. Егер ол көп су ішсе және аузын жылы сумен, тұз немесе сірке суымен шайса, ол вирусты жоя алады. Бұл хабарды таратыңыз, өйткен сіз оны адамды құтқару үшін қолдана аласыз».

Үкім: Фейк

Біріншіден, көп су ішу медицинада құпталатын әрекет. Бірақ, Оксфорд университетінің профессоры Труди Лангтың айтуынша, көп су ішіп, асқазанда вирусты жоятындай биологиялық механизм жоқ.

Екіншіден, тұзды сумен вирусты жеңуге болады деген ақпарат Гуанжоу медицина университеті маманы Чжун Наньшанның сөзінен бұрмаланып, желіге тараған. Оның сөзі төмендегідей болатын: «Мен барлығыңызға ауруханаға немесе басқа қоғамдық орындарға барар алдында тамағыңызды сұйылтылған тұзды сумен шайып, үйге оралғаннан кейін тағы да шаюды ұсынамын».

Маман вирустың алдын алу тәсілдерінің бірі деп ауызды тұзды сумен шаюды айтқан. Бірақ Whatsapp желісінде оның сөзі бұрмаланып, бұл тәсіл вирусты толықтай жоюға көмектеседі деп тараған.

Үшіншіден, сірке суымен жасалған кішігірім зерттеу қорытындысы бойынша микробтарды өлтіруге болатынын, алайда, вирусты жоятыны дәлелденбеген.

Дереккөз: Фактчек.кз

Фото сілтемесі: gde.mobi

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз