Азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығын алатын адамдар тізімі кеңейтілді

187 қаралу саны

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

Енді азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарды азаматтардың келесі санаттары алатын болады:

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
  • мүгедек баланы тәрбиелеуші;
  • жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Бүгінгі таңда төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап шамамен 180 мың адам азық-түлік және тұрмыстық жинақтармен қамтамасыз етілген.

Осы көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.

Дереккөз сілтемесі: coronavirus2020.kz Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы ресми ақпарат

Кнопка домой
Бөлісіңіз