Бүгін Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы шеңберінде Отбасылық денсаулық орталығы ашылды

286 қаралу саны

Бүгін, 5 шілдеде елордадағы «Аманат» отбасылық денсаулық орталығында (Бөкейхан көшесі, 21), №9 қалалық емхана базасында бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) желісін дамыту тұжырымдамасы аясында «Үйдегі дәрігер» жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік сайты.

Жоба мақсаты – қол жетімділікті қамтамасыз ету және ықшам медициналық амбулаториялардың ашылуы қарастырылған емханалар желісін дамыту. Отбасылық денсаулық орталығы «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында жақын маңдағы тұрғындарға медициналық көмекті жақсартуға және жақындатуға бағытталған.

№9 қалалық емхана елорданың сол жағалауында, қарқынды дамып жатқан ауданда орналасқан. Қазіргі уақытта қызмет көрсету аумағы 10 шақырымнан асады. Әсіресе, Бөкейхан, Ұлы Дала көшелерінің ауданында халық тығыз қоныстанған, ол жерде көптеген жаңа тұрғын үй кешендері салынуда. Тіркелген ересектер мен балаларға медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласында «Үйдегі дәрігер» жобасы 2018 жылдан бастап қолға алынуда. Бүгін №9 емханаға көмек ретінде біз осы ықшамауданда «Үйдегі дәрігер» ашамыз. Мұнда 17 мыңға жуық адам тұрады. Оның ішінде 4,8 мыңы – балалар. Өткен жылы біз «Үйдегі дәрігердің» 12 дәрігерлік амбулаториясын аштық. Биыл біз тағы 10 дәрігерлік амбулатория ашуды жоспарлап отырмыз, олар шамамен 50 мың адамды қамтиды. Міндет – өте мұқтаж тұрғындарға бастапқы медициналық көмек. Әр кеңседе әр науқасқа белгілі бір бағыт бойынша емшара жасалады» деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Үйдегі дәрігер» амбулаториясының ашылу рәсімінде.

2019 жылы Нұр-Сұлтанда осындай 12 дәрігерлік амбулатория ашылды. Биыл бұл жұмыстар жалғасады.

Дереккөз: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің сайты

Бөлісіңіз