БҰҰ өкілдері қазақстандық дәрігерлерді құттықтады

306 қаралу саны

БҰҰ Қазақстандағы агенттіктерінің басшылары дәрігерлер мен барлық денсаулық сақтау саласындағы батырларға құттықтау жолдады.

«Биыл Қазақстандағы медицина қызметкерлері күні айрықша қиын жағдаймен тұспа-тұс келді. БҰҰ жүйесі атынан және өз атымнан қауіпті вируспен күресіп жатқан барлық денсаулық сақтау қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. БҰҰ құрылған сәттен бастап біз денсаулыққа, адами капиталға, әлеуметтік және экономикалық дамуға салынған инвестицияның болашаққа салынған инвестиция екенін тағы да растаймыз. БҰҰ жүйесі Қазақстанның пандемияға қарсы жасаған барлық шараларын қолдайды. Құрметті денсаулық сақтау саласының батырлары, біз сіздермен біргеміз және сіздерге үлкен сенім артамыз! Сіздердің батылдықтарыңыз үшін, қызметке адалдық пен кәсібилігіңіз үшін рахмет айтамыз» деді БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

Сонымен бірге БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш бүгінгі күнді заманауи батырларға құрмет көрсететін күн деп атады. «Барлық дәрігерлер мен санитарларға, медициналық қызметкерлерге өлшеусіз еңбегі үшін алғысым шексіз» деді ол. «Біздің балаларымыздың денсаулығы, болашақ ұрпағымыздың денсаулығы сіздердің қолдарыңызда. Сіздердің кәсіпқойлығыңыз бен кәсіпке деген адалдығыңыз пандемия кезінде ерекше байқалады. Медицина қызметкерлерінің барлығына үлкен қиындыққа төтеп беріп, Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғауға атсалысып жүргендіктеріне шын жүректен ризашылық білдіргім келеді» дейді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дизен.

Агенства ООН поздравляют с Днем медицинского работника

Медицина қызметкерін бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз! БҰҰ Қазақстандағы барлық агенттіктерінің басшылары дәрігерлер мен барлық денсаулық сақтау саласындағы батырларға осы арнайы құттықтауды бағыштайды.👩🏻‍⚕️👨🏼‍⚕️👨🏻‍⚕️👩🏼‍⚕️“Біздің балаларымыздың денсаулығы, болашақ ұрпағымыздың денсаулығы сіздің қолдарыңызда. Сіздің кәсіпқойлығыңыз бен өз кәсібіңізге деген адалдығыңыз пандемия кезінде ерекше байқалады. Медицина қызметкерлерінің барлығына үлкен қиындыққа төтеп беріп, Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғауға атсалысып жүргендіктеріне шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді.” – дейді Arthur Van Diesen, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі.📌Поздравляем всех медицинских работников с праздником! В честь этого Дня агентства ООН в Казахстане подготовили поздравительное видео для врачей и всех героев сферы здравоохранения! 👩🏻‍⚕️👨🏼‍⚕️👨🏻‍⚕️👩🏼‍⚕️“Здоровье наших детей, здоровье нашего будущего поколения, лежит в ваших руках. Ваш профессионализм и преданность своей профессии особенно заметны в период пандемии. Я бы хотел выразить слова искренней благодарности всем медицинским работникам, самоотверженно противостоящим огромному вызову и охраняющим здоровье граждан Казахстана.” – поделился Arthur Van Diesen, Представитель ЮНИСЕФ в Казахстане.UNDP Kazakhstan, UNFPA in Kazakhstan, WHO Regional Office for Europe, IOM Central Asia

Gepostet von UNICEF_Kazakhstan am Samstag, 20. Juni 2020

Дереккөз: Фейсбук парақшасы

Бөлісіңіз