БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш: Коронавирус індетінен ажал құшқандар арасында жарымжан адамдар көп

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш: Коронавирус індетінен ажал құшқандар арасында жарымжан адамдар көп
285 қаралу саны

Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш өзінің  Twitter-дегі аккаунтында дүние жүзіндегі мүгедектігі бар 1 миллиардқа жуық адамның ішінде COVID-19 коронавирусынан қайтыс болғандар саны жоғары екенін және пандемия салдарынан олардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі төмен деңгейде қалып отырғанын мәлімдеді.

«COVID-19 індетіне байланысты дағдарыс қоғамның барлық салаларына кері әсерін тигізді. Бүгін мен пандемияның әлемде мүгедектігі бар 1 миллиард адамға қалай әсер еткеніне тоқталып өтемін. Жарымжан адамдар – вирустан болған өлім оқиғалары саны жағынан бірінші орында» деп жазады ол БҰҰ Бас хатшысы.

Антонио Гутерреш мүгедектігі бар адамдар құқығының қорғалуын, әсіресе медициналық көмекке қолжетімділігін кепілдендіру қажет екенін қадап айта келе, пандемияға қарсы күрес шеңберінде барлық елдердің билігін аталмыш санаттағы адамдарға алабөтен назар аударуға үндеді.

Дереккөз: БҰҰ Бас хатшысының Twitter-дегі аккаунты

Фото дереккөзі: Sputnik Казахстан


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз