Балаларға екпе салу: эпидемиолог бес сұраққа жауап береді

Фото: UNISEF
291 қаралу саны

Біз медицина ғылымдарының кандидаты Айнагүл Қуатбаевамен жақында болған сұхбаттан бірнеше қызықты ойларды жазып алдық. Танымал эпидемиологтың сөздері вакцинация төңірегіндегі шулы пікірталастардың төркінін тануға көмектеседі деп сенеміз.

Эпидемиолог Айнагүл Қуатбаевамен болған үлкен сұхбаттың қайнар бастауы қолжетімді ашық ресурста орналастырылған «Алдын алу екпе жүргізілетін аурулардың Тізбесін, оларды жүзеге асыру Ережелерін және жоспарлы екпеге жататын тұрғындар тобын бекіту туралы» нормативтік- құқықтық актінің жобасын мамыр айының басындағы талқылау төңірегінде болды.

Пікірталас қызу болды: оқырмандар акт жобасының мәтіні бойынша ондаған мың пікірлер қалдырды, содан кейін дауды толығымен әлеуметтік желілердегі парақшаларға көшіріп тынды.


Арзан және сапалы болса…

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz Дәл қазір коронавируспен күрестің ең жоғары сатысына келген тұста медицина үшін аса маңызды да өзекті нәрсе өкпені жасанды желдету аппаратының жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Онсыз күрестің пәрмені азаятыны айтпаса да түсінікті.

Заңда міндетті түрде болуы мүмкін вакцинациялардың тізімі: туберкулезге, сіреспеге, полиомиелитке, В вирусты гепатитіне, көкжөтелге, А вирустық гепатитіне, В типті гемофилді инфекцияға, дифтерияға, пневмококк инфекциясына, қызылшаға, жатыр мойны обырына, қызамыққа және паротитке қарсы вакциналар ұсынылған.

Заң күшіне енгенге дейін қазақстандықтарда вакцинация жоспарында таңдау құқы бар. Өткен жылы бұл құқықты шамамен 17000 адам пайдаланды. (Қазақстан Республикасының жалпы халқының ~ 0,1%). Жоспарлы екпе туралы заң қабылданған жағдайда азаматтардың вакцинациядан бас тартуының бір ғана себебі қалады: баланың денсаулығына байланысты бас тарту.

«Караван» басылымында жуырда жарық көрген сұхбатта журналист белгілі эпидемиологты вакцинацияға қатысты осы дауларға түсініктеме беруге шақырған.

Неліктен ата-ана өз баласына вакцинациядан бас тарта алмайды және бұл басқа ата-аналардың балаларының жұқтыру қаупіне қалай әсер етеді?

Егер қоғамның бір бөлігі күнтізбелік егуден бас тартса, ерікті вакцинация сенімді болмайды. Бұл тұрақты түрде ауру індетінің шыға беруіне әкелуі мүмкін.

Тізбеде көрсетілген кейбір екпелер қаншалықты негізге құрылған? Мысалы, гепатиттің бірнеше түріне екпелер?

В вирусты гепатиті, ең алдымен, ауыр асқынулармен қауіпті. 1990 жылдары Қазақстанда В гепатитін тасымалдаушылардың үлесі шамамен 9% (ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, бұл – тасымалдаудың жоғары деңгейі) болған кезде осындай жағдай қалыптасты. Жиырма жылдық вакцинациядан кейін оның деңгейі 1% -ға дейін төмендеді.

Балаларды дифтерия, көкжөтел және сіреспеге қарсы егу қаншалықты негізді?

Бұл түрдегі вакциналар анатоксон болып табылады және қоздырғыш тудыратын токсиндерге қарсы әрекет етеді. Егер баланың ағзасы дер кезінде қорғалмаса, токсиндер орталық жүйке жүйесіне, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесіне қалпына келтірілмейтін зақым тигізуі мүмкін. Мысалы, дифтерияның салдары жағдайдың жүз пайызында жүрек бұлшық етінде көрініс табады, ал  бұл инфаркт және басқа да қауіпті жүрек ауруларының болуына әкеледі. Қазақстанда дифтерия соңғы рет 1995 жылы байқалды.

Жатыр мойны обырына қарсы вакцина экспериментальды дей ме?

Іс жүзінде генетикалық-инженерлік сипаттағы, нан ашытқысы негізінде жасалған, инфекцияның мазмұны жоқ вакцина қолданылады. Мұндай вакцина, негізінен, қыздарда жатыр мойны обырының себебі бола алмайды немесе бедеулікке әкелмейді.

Аллергиясы бар балалар туралы не деуге болады?

Дәрігерлер вакцинаға аллергиялық реакцияларды жақсы зерттеді. Вакцинацияны сәтті жүргізу үшін дұрыс уақыт пен баланың клиникалық жағдайы таңдалған жағдайда егетін дамыған тактика бар. Дүние жүзіндегі медицинаның тәжірибесі дәл осы ережелерді ұстанатын болса, мүмкін температураның шамалы көтерілуі немесе қысқа мерзімді ауырсынудан басқа вакцина балаға ешқандай зиян тигізбейтінін дәлелдеді.

Дереккөз: Сaravan.kz

Фото: UNISEF


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой
Бөлісіңіз