Балалар дәрігерінің жан айқайы: вакцинациядан бас тарту – бұл екі қадам артқа шегіну

Фото: из личной страницы в Facebook Риза Боранбаева
29  050 қаралу саны

30 жылдан бері балалар дәрігері болып еңбек етіп келе жатқан Риза Боранбаева өзінің Фейсбуктегі парақшасында «Вакцинациядан бас тарту – қоғамдық денсаулыққа жаһандық қауіп, бұл ата-бабаларымыз қайтыс болған туберкулез, полиомиелит, дифтерия, шешек және басқа жұқпалы ауруларға оралу» деп жазып, өзінің жан айқайын білдіріпті. Біз оның жазбасын қазақ тіліне аударып, оқырмандарға ұсынуды жөн көрдік:

Вакцинация жасау керек пе, жоқ па, соңғы кезде бұл  тақырыпты кім талқыламай жатыр десеңізші. Жарайды, сіз өзіңіздің көзқарасыңызды білдіргіңіз келеді, бірақ неге белсенді түрде екпе жасатуға қарсы шығу керек, неге басқа адамдардың балаларының денсаулығы үшін жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз? Қазір балаларда лейкоздың болу себебі вакцинация    болып табылатынын бір дәрігердің гипотезасынан естігенде, өзімді ұстай алмадым және осы туралы жазуға бел будым.

Мен педиатрия саласында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін, қарапайым дәрігерден бастадым, содан соң онкогематологияға ауыстым. Мен лейкемияны емдеуді Германияның БФМ бағдарламасындағы әріптестеріммен бірге 90-шы жылдары бастадым, сол кезде біз оны емдеуге болатынына сенбейтінбіз.

Бүгінгі таңда мен бұрынғы пациентерімнің қатерлі ісік ауруын жеңгенін мақтан тұтамын, олардың көпшілігі маған ерте балалық шақтағы бақытсыздықтарымен келген еді, ал қазір олар – ересек жігіттер, отбасылар мен балалары бар қыздар.

Лейкемиямен ауыратын балалар үшін вакцинация олардың өмірін сақтауға көмектеседі, күрделі химиялық терапия, гормондық терапия және иммуносупрессия инфекцияның барлық түрлерінің ауыр ағымына ықпал етеді, тіпті қарапайым балалық шақта кездесетін қызылшаның өзі лейкемиямен ауыратындарды өлімге әкелуі мүмкін.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Сондықтан лейкемиямен ауыратын балада барлық вакцинациялардың болуы оларды балалар инфекцияларының асқынуларынан қорғауға мүмкіндік береді. Қатерлі ісік диагнозы бар балаңызды екпе егу арқылы алдын-алуға болатын кезде  жоғалтып алған қандай қиын екенін сезіну керек.

Өткен жылы елімізде қызылша етек алған кезде біздің клиника 2 айға жуық уақыт карантинге жабылды, қызылшаны аймақтардан әкелу нәтижесінде науқастар ғана емес, сонымен қатар жас қызметкерлеріміз де ауырып қалды. Бұдан әрі инфекцияның таралуының алдын алу үшін 300-ге жуық жас қызметкерге вакцинация жасауға мәжбүр болдық.

Есесіне биыл өткен жылғы вакцинация жүргізу мен аймақтардағы балаларды белсенді иммундау өз нәтижесін берді. Желтоқсан, қаңтар және ақпанда біз пациенттер мен қызметкерлер арасында бірде-бір қызылша ауруын болдырмадық, бұл – вакцинация мен эпидемияға қарсы сауатты шаралардың нәтижесі.

Балалардағы лейкемия барлық қатерлі ісіктер құрылымында 1 орын алады және бұл тек Қазақстан Республикасына ғана емес, барлық елдерге тән болып отыр. Біздің елімізде қатерлі ісіктің бұл түрімен ауыру еуропалық елдермен салыстырғанда тұрақты және одан да төмен, сондықтан вакцинация мен оның сапасының оған ешқандай қатысы жоқ.

Вакцинациядан бас тарту – бұл екі қадам артқа шегіну, бұл надандық, қоғамдық денсаулыққа жаһандық қауіп, бұл ата-бабаларымыз қайтыс болған туберкулез, полиомиелит, дифтерия, шешек және басқа жұқпалы ауруларға оралу.

Менің ойымша, қазіргі COVID-19 пандемиясы вакцинаның бақылауынсыз инфекцияның адамзат үшін қаншалықты қауіпті екенін көрсетті.

Фото дереккөзі: Facebook Риза Боранбаева

Кнопка домой
Бөлісіңіз