Министр Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппараты сапалы және арзан бағамен шығарылған жағдайда отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты

Фото дереккөзі: Bark.kz Дәл қазір коронавируспен күрестің ең жоғары сатысына келген тұста медицина үшін аса маңызды да өзекті нәрсе өкпені жасанды желдету аппаратының жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Онсыз күрестің пәрмені азаятыны айтпаса да түсінікті.
293 қаралу саны

Дәл қазір коронавируспен күрестің ең жоғары сатысына келген тұста медицина үшін аса маңызды да өзекті нәрсе өкпені жасанды желдету аппаратының жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Онсыз күрестің пәрмені азаятыны айтпаса да түсінікті.

Осыны жақсы түсінген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық кәсіпорындарға медицина жабдықтарын шығаруды ұсынған еді. Біріншіден, коронавируспен тиімді күрестің өзін айтпағанда, біз қашанда отандық өндірушілерді қорғауымыз керек. Екіншіден, медициналық құрал-жабдықтар алу үшін бөлінген қыруар қаржы шетел асып кетпейді. Мұның өзі – ішкі жалпы өнімнің өсуіне тікелей әсер ететін фактор. Әр нәрсені мемлекеттік тұрғыдан ойлайтын Денсаулық сақтау министрі бұл жолы да қателеспеді. Кеше ол медициналық құрал-жабдық шығаратын қазақстандық «БАРК Технолоджи» кәсіпорнына барып, жағдаймен танысты.

Аталмыш компания үстіміздегі жылы Қазақстанның медициналық мекемелерінің жансақтау бөлімдерін өкпені жасанды желдету аппараты легімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Мұндағы конструкторлық бюро ұзақ уақыт бойы бұл салада мамандандырылған санаттағы аппаратты жобалауды жүргізіп келеді. Оны шығару келесі жылға көзделген болатын. Дей тұра, жаһандық пандемия және дағдарыс кезінде оны шығаруды бір жылға жылдамдату жөнінде шешім қабылданды.

Бас конструктор бөлімінде болашақ өкпені жасанды желдету аппаратының турбинасының жұмысы мен ауа жіберу үрдісі Денсаулық сақтау министріне еуропалық дәл осындай құралдарды өндіруші озық кәсіпорынның жабдығымен салыстырыла отырып көрсетілді. Министр аппарат сапасы медицина мамандарының талабын қанағаттандыратын болса және шетелдік бұйымдарға қарағанда бағасы арзан болса, отандық өндірушіні қолдауға әзір екенін айтты.

Дереккөз: ДСМ баспасөз қызметі

Фото дереккөзі: Bark.kz


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой

Бөлісіңіз