Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер коронавирустың таралғанына күмән келтіретіндерге жауап берді

Манипуляция. БЦЖ коронавирусты жұқтыру деңгейін төмендетті
72  679 қаралу саны

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» онлайн-бағдарлаамасына қатысып, коронавирустың таралғанына күмән келтіретіндерге жауап берді. Біз «Кеткеткет.кз» сайтының оқырмандарына оның басқа да сұрақтарға берген жауаптарын да беріп отырмыз.

Статистикадан қашып құтылуға болмайды

Коронавирус әлемнің 215 мемлекетіне тарады. Эпидемия жарияланды. 5,5 миллионнан астам жұқтыру жағдайы тіркелді. 350 мыңнан астам адам қайтыс болды. Мұның барлығы коронавирустың қандай маңызды екенін көрсетпей ме? Иә, Қазақстандағы жағдай тұрақты, себебі бізде қамданатын уақыт болды. Қытайдағы індет желтоқсанның соңында, қаңтарда басталып, көршілес әріптестерден көп нәрсе үйрендік. Бұл уақытта арнайы база мен мамандарды, зертханаларды әзірледік. ҚР Президенті дер кезінде төтенше жағдай жариялады. Барлық әлеуметтік қарым-қатынасты шектедік, жұмысқа бармадық. Көптеген нысандардың жұмысы тоқтады. Мұның барлығы жаппай жұқтыру мен өлім-жітімнің алдын алуға көмектесті.



Дегенмен бұл шаралар коронавирус инфекциясының жоғалып кеткенін білдірмейді. ТЖ режимінен шықсақ та, карантин шараларын сақтау керек. Егер ауру жұқтыру деңгейі тағы көбейсе, бұрынғы қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз. Коронавирустың қандай қауіпті екенін бағамдауымыз керек. Барлық ережелерді ұстану қажет, олар аса қиын да емес. Қол тазалығы, әлеуметтік ара қашықтық біздің өмір салтымызға енуі керек. Вирусты қаншалықты еңсеретініміз өзімізге тікелей байланысты.

Өзге елде жасалған ПТР тесті нәтижесі өз күшінде болады

10 мамырдағы №36 Қаулыма өзгерістер енгізіп, 22 мамырда №37 Қаулымды шығардым. Қаулы бойынша біріншіден, шетелден әуе рейсімен келген адамдар, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан бес күннен кешікпей өтуіне берілген ПТР нәтижесі теріс анықтама болса, бұл адамдар 14 күнге үйде оқшауланады. Олар COVID-19 тексерілу үшін 2 күн стационарға жатқызылмайды. Екіншіден, жоспарлы медициналық қызмет көрсету жұмысы қайта басталды. Біз оған рұқсат бердік. Яғни, жаңа Қаулы бойынша әуежайларда өзге елде жасалған ПТР тесті нәтижесі өз күшінде болады.

Өзге елде жасалған ПТР анықтамаларын мойындау – қазақстандықтарды елге қайтару шараларының бір бөлігі. Яғни, мемлекет әлі күнге дейін елге оралғысы келетін азаматтарды қайтарып жатыр. Олардың көпшілігінде шет елдерден алынған ПТР анықтамасы бар. Бәрін карантиндік стационарға жібермеу үшін сол анықтамаларды қабылдаймыз. Бұл рұқсаттама тек қана әуежайларда берілген, әуе рейсімен келген азаматтардың ғана шетелдік ПТР анықтамасы қабылданады.

Блокпостар алынбайды

Әуе, темір жол қозғалысы ашылса да, блокпостар алынбайды. Біріншіден, карантинді жұмсарту шаралары жағдайға қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі. Автобустар мен жеңіл көлікке қарағанда, әуе рейсін халықтың аз бөлігі қолданады. Екіншіден, еліміздің әр өңіріндегі жағдай әр түрлі. Қазіргі цифрлардан өңірлер жағдайының теңескенін көріп отырған жоқпыз. Кей өңірде жұқтырудың ең төменгі көрсеткіші тіркелсе, өзге өңірде – керісінше жоғары. Барлық шешім коронавирус инфекциясын қосымша таратпау үшін қабылданып жатыр. Сондықтан, жеңілдетудің бірінші кезеңінде әуе рейстері іске қосылды. Келесі кезеңде – темір жол көлігі. Бәлкім, одан кейінгі кезеңдерде өңірлер арасындағы блокпосттар алынатын шығар. Кей өңірлер өз ішіндегі блокбекеттерді алып тастады. Сондықтан да, коронавирус инфекциясының қайта тарауына жол бермеу үшін блокпосттар ашылмайды.


Тестілеуге жіберілетін адамдардың санын арттырамыз

Тестілеу тактикасы бізде үнемі өзгеріп отырады. Тестілеуге жіберілетін адамдардың санын арттырамыз. Сонымен бірге, қалыптасқан жағдайға қарай тест тапсырушылардың контингентін де өзгертіп отырамыз. 13 сәуірден бастап, науқастарды дер кезінде анықтау үшін профилактикалық тестілеу жүргізіп келеміз. Одан бөлек, тест тапсыратындарды үш топқа бөлдік. Бірінші топқа науқастар, онымен жақын және ықтимал байланыста болғандар, ЖРВИ, пневмониямен ауырғандар және медициналық қызметкерлер жатады. Профилактикалық тестілеуден өтуі тиіс адамдар екінші топқа енеді.  Профилактикалық тестілеуден кімдер өтуі қажеттігін анықтадық. Бұл топтың талаптары үнемі өзгереді. ТЖ кезеңінен шығарда қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін саладағы 60 жастан асқан барлық мамандарды тестілеуге жіберетін едік. Ал енді профилактикалық тестілеуге шет елдерден келген азаматтар, сосын медициналық қызметкерлер жіберіледі.

Сонымен бірге, үшінші топтағы тестілеу эпидемиологиялық шолу мақсатында жүргізіледі. Бұл топта жоспарлы емделуге, жедел медициналық жәрдем үшін ауруханаға түсетіндер, жабық медициналық-әлеуметтік мекемелерге түсетін науқастар болады. Сонымен бірге, жаңа Қаулы арқылы өңірлердегі бас санитарлық дәрігерлердің құзыретін өзгеріссіз қалдырдық. Олар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеуге жіберілетін адамдарды белгілейді.

Қорғаныс маскасын тағып жүру міндетті

Жабық ғимаратта қорғаныс маскасын тағып жүру міндетті. Ал күнделікті сандардың жағдайға қарай қалыптасатынын ұмытпау керек. Қазақстанда тіркелген аурудың 70 пайызы еш симптомсыз өткен. Яғни, ауру белгілері болмаса да, науқастар инфекция тасымалдаушы болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ашық ауада да маска тағуға кеңес береді және оның себептерін де көрсеткен. Адам бір минутта 3-4 рет бетін, көзін ұстайды және оны өздері байқамайды. Оны қадағалап жүру де мүмкін емес. Бет пен көзді кір қолмен ұстау – инфекцияны жұқтырудың бір жолы. Ал маска ауызды, мұрынды жауып тұрады және шаң-тозаңнан, инфекциядан сақтайды. Сол үшін көшеде де маска тағып жүру ұсынылады. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

Ары қарай оқу:



Кнопка домой
Бөлісіңіз