Бес миллиард теңге бөлінеді

Фото: Бес миллиард теңге бөлінеді
195 қаралу саны

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күн сайынғы мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.

«Барлық базарлар мен дүкендер бойынша біз тәулігіне екі рет есеп аламыз, ұлттық валютаның девальвациясына байланысты бағаның белгілі бір өсуі байқалады, бұл бағаға әсер етеді. Біз әлеуметтік маңызды тауарлардың қорын қамтамасыз ету және алдағы үш айда бағаны тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорына маңызды тауарлар үшін бюджеттен бес миллиард теңге бөліп жатырмыз. Бұл бағытта қазір келісімшарттар жасалуда. Дүйсенбіден бастап іске асырамыз. Өткен аптада бізде 12 мың тонна азық-түлік қоры бар еді, оны қазір «Small», «Magnum» желілері арқылы белсенді түрде сатудамыз. Бұл желілерде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы сақталады» деді ол.

Сонымен қатар, ол көтерме сауда бағаларында өсім бар екенін атап өтті. «Осыған байланысты біз қалада осы мәселені тұрақтандыру мақсатында ірі тауар өндірушілермен келісім  жасасамыз» деп атап өтті Сапарбек Тұяқбаев.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз