Бибізада Дүйсенбаева: жұқпалы ауруларды болдырмаудың төте жолы – екпе, екпе және екпе

Фото дереккөзі: Бибізада Дүйсенбаева
394 қаралу саны

Осы күндері вакцинацияға қарсы шыққан адамның қарасы көбейіп барады. Бірақ жалпы дүрмектің ішінде медицинадан хабары жоқ адамдар көп. Популистік тұрғыдан екпеге қарсылық білдірудің түбі жақсылыққа апармайды. Бұл – болашақ ұрпақ үшін де, қоғам үшін де өте қауіпті. Сондықтан да біздің дәрігерлер, әсіресе балалар мен жұқпалы аурулар дәрігерлері әлеуметтік желілерде дабыл қаға бастады. Біз сіздерді солардың пікірлерімен таныстырып отыратын боламыз. Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Дүйсенбаева Бибізада Әшімқызы Фейсбуктегі парақшасында вакциналау жөнінде баяндайды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы»   №2295 Қаулысы негізінде (12.02.2013 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасында тұрғындарға арналған Ұлттық екпе күнтізбесі бекітілген.

Негізінен туберкулезге қарсы, сары ауруға қарсы (гепатит), сал ауруы (полиомелит), пневмония және көкжөтел, дифтерия, тырыспа, қызылша, қызамық ауруларына қарсы екпелер балаларға тегін жүргізіледі. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулықты қорғауға және заңмен белгіленген тәртібінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін алуға құқылы).

Ұлттық күнтізбеге сәйкес 1 жасқа дейінгі балаларға екпелердің 9 түрі жасалынады.

✔Вакциналау бала туылғаннан бастап, алғашқы күнінен жүргізіледі (туберкулезге қарсы, гепатитке қарсы);

✔2, 3, 4 айда сал ауруы (полиомелит), пневмония және көкжөтел, дифтерия, тырыспаға қарсы;

✔1 жаста қызылша, қызамық, пневмония және сал ауруына қарсы;

✔1,5 жастан жоғары (балабақшаға дейінгі аралық) пневмония және көкжөтел, дифтерия, тырыспа қарсы ревакцинация (қайталап, бір дүркін екпе жүргізу);

✔6 жаста (мектеп жасына дейін) туберкулезге қарсы, қызылша, қызамық және көкжөтел, дифтерия, тырыспаға қарсы;

✔16 жаста (орта оқу орнында) көкжөтел, дифтерия, тырыспаға қарсы;

✔16 жастан жоғары, яғни әрбір 10 жыл сайын көкжөтел, дифтерия, тырыспаға қарсы екпе салынады. (Егу жұмыстары ауруханалар мен емханаларда жыл бойына егу кабинеттерінде жүргізіледі).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған жоғарыда аталған екпелермен Қызылорда облысы тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында 2020, 2021, 2020 жылдарға ҚР ДСМ ұсыныс жасалынып, облыс тұрғындары міндетті екпелермен тегін қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, диспансерлік есепке алынған науқастар, мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың әлжуас топтарын тұмау және сары аурудың «А» түріне қарсы вакцинациясымен тегін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқару органдары қосымша қаражат бөліп отыр. Облыс көлемінде тұрақты инфекциялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған.

Өздеріңізге белгілі, 2019 жылы облысымызда қызылша аурушаңдығы кеңінен белең алған болатын, талдау барысында науқастардың негізгі бөлігі 20-29 жас аралығындағы тұрғындарды құрады (әлеуметтік формация ауысу тұсына сәйкес келіп, екпе алмаған балалар).

Былтырғы жылы аталған контингентті иммунизация жүргізу нәтижесінде, 2020 жылдың І тоқсан қорытындысымен – 110-13,6 (І тоқсан 2019 ж-174-22,3) қызылша аурушаңдығы 39% төмендеген.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы  – республикада алғашқылардың қатарында пневмококкты инфекцияға қарсы екпе жүргізу нәтижесінде аталған аурушаңдық бойынша өлім-жітімдікті 70% төмендеткен облыстардың бірі.

Дереккөз: Фейсбук парақшасы


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз