Болатбек Баймаханов: Кодекстің қабылданбауына біреулер өте мүдделі болып отыр

Фото дереккөзі: Scanpix/Reuters
28  359 қаралу саны

«А.Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов міндетті вакцинация туралы өз пікірін білдірді:

Болатбек Баймаханов: Коронавирустың айналасындағы толқулар басылмай тұрып, Кодекске қарсы «белсенділер» қайтадан жанданды. Күткендегідей, бірнеше апта бойы жақындарынан алшақ ауруханада науқастардың амандығын сақтап, ұйқысыз, ауыр түндерді бастан кешіп, өмірін қатерге тіккен медицина қызметкерлерінің ерліктері қазір ұмытыла бастады. Тағы да қас күштер Денсаулық сақтау министрлігі мен медицина қызметкерлерін «халыққа қарсы» кодексті әзірледі деп айыптауда.

Медициналық қоғамдастық өкілдерінің жақында сөйлеген сөздерінде блогерлерге «ақы төленген» деген сөз бірнеше рет айтылды. Менің ойымша, бұл себепсіз емес. Дәл осындай блогерлер үшін «халыққа қарсы блок» деген ұғымды қоздыру өте қолайлы.


Арзан және сапалы болса…

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?

Фото дереккөзі: Bark.kz Дәл қазір коронавируспен күрестің ең жоғары сатысына келген тұста медицина үшін аса маңызды да өзекті нәрсе өкпені жасанды желдету аппаратының жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Онсыз күрестің пәрмені азаятыны айтпаса да түсінікті.

Мәселе барлық өркениетті мемлекеттерде жасалынатын міндетті егу туралы болып отыр.

Биыл мен Токиода балаларға бауыр трансплантациясы бойынша жұмыс жасадым. Олар менен дүниеге келген кезімнен бастап егу туралы анықтаманы талап етті. Жапонияда вакцинация сертификаты болмаса, олар баланы балабақшаға немесе мектепке қабылдамайды және вакцинациялық анықтамасыз жұмыс табу мүлде мүмкін емес. Жапондарды халыққа қарсы әрекеттер жасайтын халық деп кінәлау қиын, олардан асқан патриоттық ұлтпен кездескен емеспін.

Мен тек бір В гепатитіне қарсы міндетті вакцинация туралы айтқым келеді. Мен трансплантологпын, бауыр трансплантациясымен айналысамын. Бауырға әсер ететін вирустық инфекция гепатиті – ғаламдық денсаулық сақтау проблемаларының бірі. Әлемде шамамен 257 миллион адам HBV-нің созылмалы инфекциясын жұқтырады және жыл сайын бауырдың циррозы мен гепатоцеллюлярлы қатерлі ісік ауруын қоса алғанда, асқынулардың салдарынан 686 мың адам қайтыс болады (Гепатиттің жаһандық есебі 2017, ДДСҰ).

Вакцинация вирустық гепатиттің алдын алудың негізгі және жалғыз тәсілі

Вакцина – өте қауіпсіз және тиімді. 1986 жылдан бері қолданылған В гепатитінің барлық вакциналары синтетикалық жолмен шығарылады, яғни В гепатитіне қарсы вакциналарда қан препараттары жоқ. Бүкіл әлем бойынша вакцинация гепатитпен ауыруды 30 есе азайтуға және осы аурудың салдарынан өлімнің кем дегенде 85-90% -ын болдырмауға мүмкіндік берді. Балалардағы гепатоцеллюлярлы карциномамен ауыру вакцинация бағдарламасы басталғаннан кейін шамамен 25% -ға азайды (Chang et al. J Clin Virol 2006).

В гепатитіне қарсы вакцина сонымен қатар алғашқы рак ауруына қарсы вакцина ретінде де танымал, өйткені ол бүкіл әлемде бауыр қатерлі ісігінің жетекші себептерінің бірі болып табылатын В гепатитінің алдын алады.

Бүгінгі күні Қазақстанда бауыр трансплантациясының көрсеткіші шамамен 70% жағдайда В немесе В+D гепатитінің нәтижесіндегі цирроз болып табылады. Науқастардың орташа жасы – 35-40. Бауыр трансплантациясынсыз вирустық гепатиттің нәтижесінде бауыр циррозы бар науқастардың өлімі өте жоғары.

Қазақстанда HBV жұқпасына қарсы вакцинация тек 1998 жылы енгізілді. Сәйкесінше, Қазақстан басқа дамушы елдермен қатар әлемде HBV инфекциясының таралуы үшін жоғары эндемиялық аймақ болып табылады (Schweitzer et al. Lancet 2015).

Мәселен, Жапонияда В гепатитіне қарсы міндетті вакцинация бағдарламасы 1986 жылы қабылданды. Осы ұлттық алдын алу шараларының нәтижесінде Жапонияда балалар арасында HBV жұқпасының таралуы айтарлықтай төмендеді. Жақында 2016 жылы Жапон Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген зерттеуге сәйкес HBsAg серопозитивтілігінің болжамды таралуы 0 мен 15 жас аралығындағы 27 240 баланың арасында 0,033% құрады (Жапониядағы балалар арасында гепатит В вирусын жұқтырудың эпидемиологиялық мәліметтері. 2016).

Өткен жылы қызылша ауруынан қайтыс болған балаларға екпе жасалмаған!

Қазақстандағы кез-келген адам белгілі бір дәрежеде қауіпке ұшырауға бейім, сондықтан барлық адамдар ақылға келіп, бауырдың созылмалы ауруларының алдын-алу үшін В гепатитіне қарсы вакцинаны ектіру туралы ойлануы керек.

Бір ғана мысал. Қызылша, полиэмилит, дифтерия, туберкулезге қарсы вакцинация туралы айтып, оны талқылаудың өзі ұят! Мен балаларым мен немерелерімді вакцинацияладым, мен оны міндетті егу шеңберінде жасадым. Онсыз тіпті болмайды. Егер мен вакцинация кезінде асқынулардың пайда болу қаупі жоғары болса, мен оларды қауіп-қатерге душар етер ме едім?

Егер мен вакцинациядан бас тартқандықтан балаларымды жоғалтып алсам, өзімді ешқашан кешірмеймін. Шынында да, былтыр қызылша ауруынан қайтыс болған балалардың барлығына дерлік екпе жасалмаған! Неліктен олардың туыстары үндемейді?

Біз міндетті түрде деген мәжбүрлеу дегенді білдірмейтінін түсінуіміз керек. Ең қызығы, трансплантацияны да, вакцинацияны да реттейтін заң ережелері қазір ғана пайда болып жатқан жоқ. Олар болды және болады. Неліктен, ондаған жылдар өткен соң, кенеттен осы нормативтік актілерге қарсы шыққандар пайда болды? Олар бұрын қайда болған?

Менің ойымша, бұл жерде трансплантация және вакцинация туралы мәселе жоқ. Кодексті қабылдамауға кейбіреулер өте мүдделі болып отыр.

Кодекстің «Темекі өнімдері мен алкогольді тұтынудың алдын алу және шектеу» туралы 115-бабы сол өндірушілердің қытығына тиіп отырған сияқты.

Темекі бұйымдары мен алкогольді өндірушілер адамдардың, әсіресе жастардың денсаулығына кері әсер ететін нормаларды алып тастауға тікелей араласа алмайтыны айқын. Оларды ешкім қолдамайды. Сондықтан да «тапсырыс берушілер» Кодекстің  ішінен тиісуге қолайлы нәрселерді іздей бастады.

Фото дереккөзі: Scanpix/Reuters


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой
Бөлісіңіз