coronavirus2020.kz – Сіз күнделікті оқитын ең басты сайт

coronavirus2020.kz
21  881 қаралу саны

Коронавирус тақырыбының толқынында пайда болған ресурстардың көптігіне қарамастан біраз қазақстандықтар пандемияның ауқымы мен Қазақстанның медициналық қызметтерінің күнделікті жұмысы туралы әлі күнге дейін өз деңгейінде хабардар деп айту қиын. Осы олқылықтың және жалған қауесеттерді жою үшін https://www.coronavirus2020.kz/ ресми сайты жасалды. Дәл осы жерде карантиндік күндерде денсаулықты және жүйкені сақтауға көмектесетін барлық ақпараттар жинақталған. Сайттың қандай бөлімдерден тұратынын көрейік.

Ақпараттық лента

Сайтта сіз тек анықтамалық ақпараттан басқа, оқшаулау, алдын алу кезінде туындаған көптеген сұрақтарға жауап таба аласыз. Әр сағат сайын жаңартылатын ақпараттық бюллетень сізді келесі тақырыптар бойынша хабардар етеді:

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Төтенше жағдай кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар туралы сұрақтарға жауаптар

Видеобрифингтерді  және дәрігерлер мен менеджерлердің сөздерін қадағалаңыз

COVID-19 АЙРЫҚША НАЗАРДАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕР КАРТАСЫ

Қазақстанның нақты географиялық мекендеріндегі  ауырғандардың санын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Анонимді скринингтік қосымша

Қарапайым сұрақтармен сіз коронавирустық инфекцияның жұгу қаупін қашықтан анықтай аласыз.

КОРОНАВИРУСТАН САҚТАНУ ҮШІН ЖАУАП БЕРУ ҚАЖЕТ ҮШ МАҢЫЗДЫ СҰРАҚ

  • COVID-19 оқиғасы анықталған елдерде болдыңыз ба? Келесі елдерден келген адаммен байланыста болдыңыз ба?
  • Соңғы 14 күн ішінде COVID-19 жұқтырылған немесе жұқтыруы мүмкін адаммен байланыста болдыңыз ба?
  • Сізде дене қызуының көтерілуі (38°C) немесе жөтел, демікпе немесе тыныстың тарылуы бар ма?

«Сауалнамадан өту (анонимдік скринингтік сауалнама)»

Инфографика және кеңестер

Қарапайым және түсінікті сызбалар денсаулық пен денсаулықты сақтаудың маңызды ережелерін түсінуге көмектеседі. Суреттердің көмегімен сіз індеттің табиғатын ата-аналарыңызға, балаларыңызға түсіндіре аласыз, сөйлесу бөлмесінде ақпарат бөлісе аласыз,  көршілеріңізге  басып шығарасыз.

Сілтемені басып, осы маңызды сайтты компьютеріңіздің шолғышында сақтаңыз: https://www.coronavirus2020.kz/

Сурет дереккөзі: pbs.twimg.com

Кнопка домой
Бөлісіңіз