«COVID-19: Аңыз әлде ақиқат» тақырындағы тікелей эфир: инактивтелген вакцина тиімді ме?

«COVID-19: Аңыз әлде ақиқат» тақырындағы тікелей эфир: инактивтелген вакцина тиімді ме?
44  261 қаралу саны

Бұл туралы «COVID-19: Аңыз әлде ақиқат» тақырындағы тікелей эфир барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Қайсар Табынов Facebook-те Young researchers alliance парақшасында айтты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 20 сәуірде 76 вакцина ұсынылған. Олардың ішінде тек бесеуі ғана клиникалық сынақтың 1-2 фазасы сатысында тұр. 71 вакцина қосымша сынақтан өткізіліп жатыр. Ал Қазақстанда екі институт 4 вакцина ұсынған. Екеуі – рекомбинантты ақуыз, сонымен қатар альфа-вирус негізді 2 векторлы вакцина. Қазақ ұлттық аграрлық университеті де өз бағдарламасын ұсынып отыр. Қазіргі уақытта мүдделі барлық адамдарды бір платформаға топтастырып, нақты бағдарлама ұсынатын боламыз. Бірнеше вакцина ұсынғымыз келеді. Оның бірі – интраназальды қолдануға арналған нано-вакцина» деді ғалым.  

Оның айтуынша, қазіргі уақытта алдағы үш жылдың ішінде кандидатты вакцина алу жоспарланып отыр. Ал үшінші жылына клиникалық сынақтар өткізіліп, содан кейін вакцина әзірлеуге қаржы іздеу жұмыстары қолға алынады.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

«Қазірдің өзінде вакцина әзірлегенімізбен оны өндіретін және халықтың 70 пайызын қамтамасыз ететін биофармацевтикалық зауытымыз жоқ. Жалпы, вакцина ең алдымен тәуекел тобына кіретін адамдар санатына арналатын болады. Жоғарыда атаған клиникалық сынақ сатысындағы 5 кандидатты вакцина Қытайда жасалып жатыр. Себебі Қытай індетпен ең бірінші бетпе-бет келді және олар вакцина әзірлеуді барлық елдерден бұрын бастады. Меніңше, ең тиімдісі – инактивтелген вакцина. Мұның барлығы Қытайда жасалып жатыр» деді ғалым.

Дереккөз: Facebook-те Young researchers alliance парақшасы

Фото дереккөзі: Kaznau

Бөлісіңіз