COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша негізгі хабарламалар мен іс-қимыл жөнінде онлайн-семинарлар өтті

227 қаралу саны

Жуырда COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша негізгі хабарламалар мен іс-қимыл жөнінде онлайн-семинарлар өтті. Оқыту мақсаты – мектепке дейінгі мекемелердің, балабақшалардың басшылығы мен медицина персоналын карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде жұмыстарды қайта бастаған кезде ескеру қажет коронавирусты жұқтырудан және таралудан балаларды қорғаудың практикалық шараларымен таныстыру. Семинарды ЮНИСЕФ – БҰҰ Балалар қоры, ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы бірігіп ұйымдастырды.
Жаттықтырушы-сарапшылар арасында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (ҚДСҰО) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының басқарма басшысы Айнагүл Қуатбаева және ҚДСҰО ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова бар.
Онлайн-семинарлар 3 шілдеде аяқталды. 30 маусымда семинарға еліміздің 8 аймағынан 484-тен астам қатысушы, ал 1 шілдеде 500-ден астам қатысушы қатысты. Бұлар – білім басқармаларының өкілдері, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының әкімшілігі, медицина қызметкерлері және тәрбиешілері. Вебинарға қатысушылар елдегі эпидемиологиялық жағдаймен, санитарлық және эпидемиологиялық бақылау бойынша нормативтік талаптармен танысты.

ЮНИСЕФ-тің мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қалпына келтіру жөніндегі негізгі ұсынымдары, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс алгоритмі, карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңдегі мектепке дейінгі ұйымдардағы медицина персоналының рөлі айтылды. Сондай-ақ карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде балалардың тамақтануы жөнінде негізгі ұсынымдар айтылды. Қатысушыларға жұмыста пайдалану үшін ақпараттық ресурстар мен материалдар ұсынылды.

Дереккөз: ҰҚДСО сайты

Бөлісіңіз