Covid-19-дан жазылып шыққандар қалай тез оңала алады

Covid-19-дан жазылып шыққандар қалай тез оңала алады
294 қаралу саны

Алматыда Қытай дәрігерлері онлайн тренинг барысында Covid-19 дертінен жазылып шыққандарға қалай қалпына келу керектігін түсіндірді.  

Іле Қазақ автономды округінің «Достық» ауруханасының дәрігер пульмонологі Цю Гаунфенг коронавирустан қозған пневмониядан кейін ағзаны оңалту шараларын жүргізу маңызды екендігін айтты.

«Covid-19-дан жазылғандар ағзасы әлсіреп шығады. Олар көбінесе сәл белсенділіктен соң демігіп қалады. Бұлшық еттері атрофияға ұшырайды. Сондықтан оңалту шаралары емдеуден анағұрлым ұзақ болуы тиіс. Егер пациент басы ауырып, басы айналып, кеуде тұсы шаншып ауырып, көп жөтелсе, жаттығуды тоқтатып шұғыл дәрігерге хабарлауы керек. Қытай қалаларынан келген түрлі мәліметтерді қорыта келе біз жаттығулар кешенін ойластырдық. Бұл жаттығулар негізінен жағдайы ауыр, орташа, жеңіл пациенттерге арналған. Негізінен бұл бұлшық еттерді күшейтуге, тыныс алуды жеңілдетуге, қан қысымын жеңілдетуге арналған. Бұған жылдам жүрісті, жүгіруді, жүзуді қосуға болады. Жаттығулар бастапқыда баяу, одан кейін жылдам болуы тиіс. Бұған аптасына 3-5 рет 30 минуттан кем емес уақыт бөлу керек» деді маман.

Айта кету керек, Covid-19 күресіп жатқан отандық дәрігерлерге көмек көрсетуге Алматыға Қытайдан дәрігерлер делегациясы келген болатын. Қазір мамандар С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде видеодәріс оқып жатыр. Оларды тыңдауға 700-ден аса медицина маманы қосылған.

Фото дереккөзі: Depositphotos

Кнопка домой
Бөлісіңіз