COVID-19 індетіне қарсы жаһандық ынтымақтастықтың басты ұраны: ешкімді ескерусіз қалдырмау

COVID-19 індетіне қарсы жаһандық ынтымақтастықтың басты ұраны: ешкімді ескерусіз қалдырмау
348 қаралу саны

2020 жылғы 24 сәуірде денсаулық сақтаудың жаһандық субъектілерінің бастапқы тобы (BMGF, CEPI, Gavi, Global Fund, UNITAID, Wellcome Trust, ДДСҰ) және жеке сектор серіктестері мен басқа мүдделі тараптар COVID-19 жаңа диагностикалық, терапевтік құралдар мен вакциналарды жасау, өндіру және әділетті қолжетімді етуді жеделтетуге арналған жаһандық ынтымақтастық жариялады. Төменде олардың ұстанымы мен миссиясы туралы мәлімдемесін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз:

Біздің көзқарасымыз бен миссиямыз

Адамдардың қиналуынан және COVID-19-дың жойқын әлеуметтік-экономикалық салдарларынан қорғалған ғаламның көзқарасына сүйене отырып, біз, денсаулық сақтаудың жаһандық субъектілерінің бастапқы тобы (BMGF, CEPI, Gavi, Global Fund, UNITAID, Wellcome Trust, ДДСҰ) және жеке сектор серіктестері мен басқа мүдделі тараптар COVID-19 індетіне қарсы денсаулық сақтаудың жаңа негізгі технологияларын дамытуды, өндіруді және жаһандық қол жетімділікті жеделдету мақсатында мазмұнды, ғаламдық және уақыт бойынша ынтымақтастыққа қатысады.

Біз бұл вирустың кез келген адамға қауіп төнген кезде, бүкіл әлемге қауіп төнетінін білеміз: планетадағы кез-келген адам осы аурудан қорғалуы тиіс.

Миллиондаған адамдардың өмірін, сансыз триллион долларды құтқарып, әлемді қайта «қалыптылық» жағдайына оралту үшін қоғамдық денсаулықтың ғылыми негізделген шараларымен қатар COVID-19 инновациялық диагностикасы, емдеу және вакциналар рекордтық қысқа мерзімде және рекордтық масштабта жасалуы тиіс  және ол бәріне қолжетімді болуы қажет.

Біз COVID-19-ға қатысты инновациялық өнімдер мен араласу құралдарын дамыту мен енгізуді жеделдету үшін бүкіл әлемде іске асырылып жатқан сындарлы жұмыстардың, инвестициялардың және бастамалардың айтарлықтай көлемін білеміз.

Біз үшін инновациялық өнімдерді әзірлеу және енгізу өте маңызды, бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Біз денсаулықтың тұрақты жүйелері мен қуаттылығын арттыруды бір уақытта және шұғыл түрде жеделдетуіміз керек, бұл COVID-19 жаңа құралдарын мұқтаж адамдарға жеткізуді қамтамасыз етеді және басқа ауруларға жанама әсерін азайтады.

Бұрынғы алған сабақтарымыз есімізде, әлемге тиімді құралдар қол жетімді болған кезде де кейбіреулер тым жиі қорғалды, ал басқаларында мұндай мүмкіндік болмады. Бұндай теңсіздікке жол беруге болмайды: COVID-19 мәселесін шешуге арналған барлық құралдар барлығына қол жетімді болуы керек. COVID-19-бен күресуде ешкім де ескрусіз қалмауы керек.

Біз мұны жалғыз істей алмайтынымызды және барлық мүдделі тараптармен – саяси көшбасшылармен, мемлекеттік және жеке сектордағы серіктестермен, азаматтық қоғаммен, академиямен және қоғамдағы барлық мүдделі тараптармен бұрын-соңды болмағанын және жан-жақты серіктестікте ұжымдық шешімдерге, жеделдетілген жол мен барлығына қол жетімділікке жету үшін біздің салыстырмалы артықшылықтарымыз бен тиісті дауыстарымызбен бөлісуді пайдалана отырып, бірге жұмыс істеуіміз керек екенін түсінеміз. Біз бірлескенде күшті, жылдам және тиімді жұмыс істейміз.

Біздің миссиямыз – COVID-19 жаңа құралдарының дамуы мен қол жетімділігін жеделдету ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз, сапалы, тиімді және арзан COVID-19 диагностикасы, терапиясы және вакциналарына әділ қолжетімділікті жеделдету және осылайша COVID-19-мен күресте оларды қамтамасыз ете отырып,  ешкімді ескерусіз қалдырмау.

Дереккөз: ДДСҰ сайты

Фото дереккөзі: Pbs.twimg.com

Кнопка домой
Бөлісіңіз