COVID-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді

256 қаралу саны

COVID-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook-парақшасында жазды

«COVID-19-ды диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасының 10-редакциясына коронавирус инфекциясын емдеуде айтарлықтай толықтырулар енгізілді. COVID-19 кезінде бактерияға қарсы терапияны бактериялық инфекция қосылған жағдайда ғана қолдануға баса назар аударылды. COVID-19 кезінде өкпенің вируспен зақымдануы эмпирикалық бактерияға қарсы терапияны бастау үшін көрсеткіш бола алмайды» деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, хаттаманы әзірлеушілер COVID-19-дың ауырлық деңгейі орташа науқастарға амбулаторлық деңгейде инфекцияның стационарға жатқызғанға дейін вирусқа қарсы препараттар қолдану ұсынысы қолдау тапқан. Бұл үшін хаттамаға амбулаторлық кезеңде емдеу сызбасы қосылып отыр: гидроксихлорохин және Лопинавир/ритонавир. «Бұған қоса, ендігі уақытта пациенттер стационар деңгейінде Жапония мен Ресейде COVID- 19-ды емдеуде кеңінен қолданылған Фавипиравир дәрісін ала алады» деді Людмила Бюрабекова.

Дереккөз: Людмила Бюрабекова Facebook-парақшасы

Бөлісіңіз