COVID-19: Онкологиялық аурулары бар пациенттер қандай шаралар қолдану керек?

191 қаралу саны

1. Коронавирус пандемиясы кезінде инфекцияның алдын алу үшін онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға қандай шаралар қолдану керек?

Онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға, әсіресе иммуносупрессиялық ем алған кезде карантин тәртібін қатаң ұстана отырып, үй жағдайында барынша оқшаулану керек.

Әдеттегі гигиеналық шараларды міндетті түрде сақтау қажет: қолды үнемі дезинфекциялау, қорғаныш бетпердесін тағу, адамдар шоғырланған жерлерден аулақ болу, сондай-ақ әлеуметтік байланыстарды барынша шектеу керек.

2. Онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерде COVID-19-дың ауыр түрде өту мүмкіндігі өте жоғары ма?

COVID-19-дан басқа әртүрлі респираторлық вирустар пневмонияның туындауына себеп боп, өлімге әкелуі мүмкін. Бұл онкологиялық науқастарда иммундық жүйе компоненттерін әлсіз жұмылдырумен байланысты. Алайда, онкологиялық науқастар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру ықтималдығы зерттеулерде айтылмаған.

3. COVID-19 пандемиясы кезінде онкологиялық ауруларды емдеуді (химиотерапия, сәулелендіру, иммунотерапия, гормондар және т.б.) кейінге қалдыру керек пе?

Цитостатикалық емдеудің басталуын, жалғастыруын немесе өзгертуін әрбір пациент үшін жеке анықтау керек. Қабылданатын химиялық заттардың онкологиялық тиімділігі мен жанама әсерлерін ерекше ескеру қажет.

4. COVID-19 пандемиясы кезінде онкологиялық операцияларды жүргізуге болады ма?

Егер пациенттердің жалпы өмір сүру ұзақтығына және аурудың қайталануына әсер етпеген жағдайда ғана операцияны кейінге қалдыруы мүмкін. Көптеген жағдайларда хирургиялық емдеудің онкологиялық тиімділігі химиотерапиямен немесе сәулелік терапиямен ауыстырылуы мүмкін емес.

5. Коронавирус пандемиясы кезінде онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға қан құюға болады ма?

COVID-19-бен ауыратын пациенттерге және соңғы күндері осы пациенттермен байланыста болған адамдарға қан тапсыруға рұқсат етілмейді. Коронавирустың қан арқылы жұғуы туралы ғылыми деректер жоқ.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы

Бөлісіңіз