Дұрыс тамақтану – әлсіреген ағзаға көмек

205 қаралу саны

Вирусты аурудың алғашқы кезеңінен бастап дұрыс тамақтану өте маңызды. Бұл ағзаға пайдалы әсер етіп қоймай, ауруды жеңіл өткеруге көмегін тигізеді.

Мұндай кезеңде тамақтану маңызды ережеге сәйкес келуі керек: ағзаға барынша көмектесу қажет, осылайша бүкіл энергия тамақты сіңіруге емес, аурумен күресуге жұмсалады. Күніне бес рет бірақ аз мөлшерде тамақтану маңызды.⠀

Осы себептен тағам рационы жеңіл әрі үйлестірілген болуы тиіс. Құнарсыз тамақтану қажетті микроэлементтердің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін, бұл жағдайда – иммундық жүйе бірден әлсірейді.⠀

Науқастың тамақтану рационында не болу керек?

• Көкөністер мен жемістер. Жаңа піскен, қайнатылған түрде пайдалануға болады. Дене қызуы көтеріліп жатқан кезеңде термиялық өңделген көкөністер мен жемістерге артықшылық берген жөн: бұл клетчатканың мөлшерін азайтады және ас қорытуды жеңілдетеді. Сәбіз, асқабақ, үрме бұршақ, қызылша, спаржа, сарымсақ, пияз, брокколи, шпинат, қызанақ, қияр, цитрус, алма, қауын-қарбыз, шабдалы – ағзаға көмекші.

•Құрамында өсімдік ақуыздары бар тағам. Суық тиген кезде, құрамында ақуызы бар тағаммен тамақтану адам ағзасына өте қажет, ақуыз бактериялар және вирустармен күресу үшін өте маңызды. Ағзаңызды бұршақ, жасымық, қызыл бұршақ, сұлы кебегі сияқты дақылдармен қанықтыруыңызға жөн.⠀

• Ботқа. Ағзаны оңай сіңетін көмірсулармен қамтамассыз ету үшін, дәнді дақылдармен тамақтану қажет. Сонда науқас қажетті энергияны тез қабылдап, шамадан тыс тамақтанбайды. Әсіресе сұлы, күріш және қарақұмық ботқасы өте пайдалы.

Дұрыс тамақтану барысында ересек адам күніне 2-2,5 литр су ішіп тұруды ұмытпау қажет. Бұл ағзаның сусыздануынан сақтайды.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы

Бөлісіңіз