D3 дәрумені: ағзаға пайдасы мен зияны

398 қаралу саны

Д ерекше дәруменін: ағза оны тамақтан ғана емес, күн сәулесінен де ала алады.

Бұл витамин сүйек тінінің негізгі құрылыс материалы – кальций мен фосфордың сіңуіне ықпал етеді. Ал кальций жүйке жүйенің жұмысына жақсы әсер етіп қана қоймай, бұлшықеттің жиырылуына жауап береді. Д дәрумені жеткілікті болған адамдарды депрессия, апатия және ұйқының бұзылуы мазаламайды.

Дәрігерлердің айтуынша, D дәруменінің орташа тәуліктік мөлшері 400-600 IU құрайды.

Алайда, құрамында D дәрумені бар дәрумендер кешендерін, дәрігердің кеңесінсіз қабылдауға болмайды. Ағзаның шамадан тыс дәрумендерге қанығуынан сақ болу керек.⠀

Дәруменннің ағзада артық мөлшерде болуының мынандай белгілері бар: тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, салмақ жоғалту, дененің қышуы, жоғары қан қысымы. Сонымен қатар, Д дәруменінің ағзадағы артық мөлшері кальцийдің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл әртүрлі тіндердің оссификациясына әкеліп соқтырады.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Бөлісіңіз