Дәрігерлер жұмысқа қалай жабдықталып кірісетінін көрсетті

Источник фото: https://img.tsargrad.tv/cache/1/4/20200304_zaf_x99_117.jpg/w1056h594fill.jpg
297 қаралу саны

Сoronavirus2020 Telegram парақшасында жарияланған роликте қазақстандық дәрігерлер коронавирустан қорғану үшін ауысым алдында қандай қорғаныш киімі мен жабдықтарды киіп жұмысқа кірісетіні көрсетілген.

Киімдердің бәрі де бір реттік. Дәрігерлер ең алдымен арнайы комбинезон киеді. Осыдан кейін барынша қорғап тұратын маска киіледі. Артынша қорғаныш көзілдірігі тағылады. Вирустан сақтану үшін сонымен қатар ұзын бахила мен резеңке етік кию керек. Қолға қорғаушы қолғап киіледі. Экипировканың уақыты шамамен 5-7 минутқа созылады.

Фото сілтемесі: img.tsargrad.tv

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз