Дәрі-дәрмектердің бағасын тексеруге арналған мобильді қосымша

Дәрі-дәрмектердің бағасын тексеруге арналған мобильді қосымша
374 қаралу саны

Қарапайым шындық бар: дәрі-дәрмектер қалжыңды көтермейді. Оның үстіне бейтаныс адамдардың немесе белгісіз дереккөздердің дәрілер туралы пікіріне сену тіпті опық жегізеді. Дәрі-дәрмектерді таңдауда сарапшылардың және ресми танылған ұйымдардың ұсыныстарын ұстанған әбден дұрыс. Сондықтан біз «Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ұйымының бақылауымен жарыққа шыққан «ДАРИКЗ» мобильді қосымшасын қуана құптаймыз.

Бұл Қазақстан халқына ақысыз негізде ұсынылатын уәкілетті қызмет. Енді кез-келген қазақстандық Қазақстан Республикасында тіркелген дәрі-дәрмектердің барлық тізімін көре алады. Қосымша өте бай функционалдылыққа ие: сіз медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты, қаптаманың макетін, қолдану тәсілдерін, куәліктерді, таблеткалардың толық атауын, өндіруші туралы ақпаратты, тіркеу куәлігінің нөмірін, ұқсас дәрілердің тізімін, бағаның қай жерде арзан екендігін және басқа керек мәліметтерді таба аласыз.

Қосымшаны пайдалану өте қарапайым: атауды қолмен енгізудің қажеті жоқ, қаптаманы сканерлеп алуға болады. «ДАРИКЗ» қосымшасын жасаушылар тұтынушылардың пікірін білдіруге де мүмкіндік жасаған: сіз батырманы бір рет басу арқылы дәріханадағы баға туралы шағым бере аласыз. «ДАРИКЗ»-ді смартфонда орнату үшін екі сілтеменің бірін таңдаңыз: Play Market, App Store

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз