ДСМ Қазақстан аумағында тіркелген, құрамында парацетамолы бар, дене қызуын түсіретін, вирусқа және бактерияға қарсы дәрі-дәрмектің тізімін ұсынды

291 қаралу саны

Министрліктің мәліметінше, әр дәрі-дәрмектің бірнеше атауы болады. Оның ішінде халықаралық патенттелмеген атауы, химиялық және коммерциялық атауы бар. Халықаралық атауын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекітсе, химиялық атауы күрделі, айтуға ауыр болуы мүмкін. Ал енді сатылымға шыққан кезде фармкомпаниялар дәрінің атауын өз қалауынша қоя береді. Мысалы, цефтриаксон – препараттың халықаралық патенттелмеген атауы, ал оны компаниялар саудаға шығарған кезде Абитракс, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Сефабел және басқа атаулармен сата береді. Бірақ барлығының құрамында цефтриаксон бар. Сондай-ақ азитромицин дәрісінің де Азитромицин Сандоз ® , Азитрус, Зитмак секілді түрлері баршылық. Қазақстанның дәрі-дәрмек мемлекеттік реестрінде дене қызуын түсіретін парацетамол халықаралық патенттелмеген атауымен 86 дәрі тіркелген. Оның ішінде отандық препарат та, шетелде өндірілгені де аз емес. Сонымен қатар, антибактериялық – 108, вирусқа қарсы – 29 түрлі дәрі бар. Оның тізімі төменде келтірілген.

Бөлісіңіз