ДДCҰ елдік кеңсесі өкілдері денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі оперативті орталықта болды

274 қаралу саны

ДДCҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің өкілдері денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі оперативті орталықта болды.

2019 жылы сәуір айында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында құрылған оперативті орталық Денсаулық сақтау министрлігін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар мен қауіп-қатерлер туралы өзекті ақпаратпен және тәуекелдерді басқару және биологиялық, химиялық және радиациялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдармен қамтамасыз етеді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы оперативті орталықты қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жағынан қолдау көрсетті.

Қазіргі кезде оперативті орталық қажетті техникамен және жиһазбен, сондай-ақ Қазақстанның өңірлерімен онлайн кеңес өткізуге арналған видео конференц байланысымен (ВКБ) жабдықталған, сонымен қатар ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы желісіне қосылған.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО Фейсбук парақшасы

Ары қарай оқу:

Читайте также:

Кнопка домой
Бөлісіңіз