ДДСҰ Қазақстанға 2,7 млн доллардың медициналық қорғаныс құралдарын жеткізді

207 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық медицина мамандарына жеке қорғаныс құралдарын жіберді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Алматы әуежайына қазақстандық медицина мамандары үшін жеке қорғаныс құралдары тиелген борт келіп қонды. Жеткізілімді Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесі ұйымдастырды. Жүк партиясында медициналық мамандарға арналған қажетті жеке қорғаныс құралдары бар. Респиратор және медицина маскасы (бетперде), бетке арналған қорғаныс экраны мен көзілдірік, сондай-ақ қорғағыш халаттар. 53 тоннадан астам жүктің жалпы бағасы 2,7 млн АҚШ доллары» делінген хабарламада.

«СOVID-19 індетімен күресте медициналық қызметкерлер басты рөл атқарады. Олар өзін және емделушілерін инфекция жұқтырып алудан қорғауы және инфекцияның қоршаған ортаға таралуына жол бермеу үшін қажетті қорғаныс құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс» деді Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің басшысы Кэролайн Кларинваль. ДДСҰ Қазақстанның індетпен күресуіне қолдау көрсету үшін техникалық сараптама жасауға және медициналық жүк жеткізуін жалғастырады.


Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлісіңіз