ДДСҰ арнайы өкілі Дэвид Набарро: Коронавирустың таралуын толық бақылау үшін кемінде 5 жыл керек

278 қаралу саны

Адамзаттың өмірі енді ешқашан бұрынғыдай болмайды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавируспен күрес жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Набарро айтты, деп хабарлайды BBC .

Дэвид Набарроның айтуынша, адамзат жаңа құндылықтарға бой үйретуі керек. Өйткені, адамдардың өмірі енді коронавирусқа дейінгідей болмайды. «Біз кейбір жерлерде бұл, әсіресе, қиын болатынын білеміз. Бірақ біз жаңа жағдайда демалуды, жұмыс істеуді, қарым-қатынас жасауды және жақындарымызбен уақыт өткізуді үйренуіміз қажет. Шын мәнінде, бұл біздің өміріміздің айнымас бөлігіне айналады» деді Дэвид Набарро.

Жалпы ДДСҰ-ның  бағалауы бойынша жағдай АИТВ-ның пайда болуымен ұқсас болады, ғалымдар терапия әдістерін табады, бірақ вирус еш жерде түбірімен жойылмайды. Коронавирустың таралуын толық бақылау үшін адамзатқа кемінде бес жыл керек болады.

Осыған ұқсас ойды кеше 14 мамырда ДДСҰ-ының төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламалар жетекшісі Майк Райан да ВВС-де айтқан болатын: «АИТВ жоғалып кеткен жоқ. Біз онымен өмір сүріп жатырмыз, біз емдеу және алдын алудың тәсілін таптық, адамдар одан бұрынғыдай қорықпайтын болды, оның үстіне көптеген АИТВ-жұқтырғандар ұзақ және салауатты өмір сүріп жатыр».

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі ең оңтайлы бағалаулар бойынша коронавирустық вакцина шамамен бір жылдан кейін пайда болады деп мәлімдеді. Осы агенттік басшысы Марко Кавалеридің вакцинаны жасау қыркүйекке дейін аяқталады деген мәлімдемелерге күмәнмен қарайтынын жасырмағанын еске сала келе Дэвид Набарро вакцина пайда болғанның өзінде де әлем оң нәтижелерді сезіну үшін бұдан да көп уақыт керек болады деп тұжырымдайды.

«Біз бүкіл жер тұрғындарын вакцинациялауымыз керек. Бұл – үлкен жоба. Сондықтан мен баршаға айтқым келеді: вакцинаны шамамен екі жарым жылдан кейін алуға дайын болыңыздар» деп түйіндеді сөзін ДДСҰ-ның арнайы өкілі.

Дереккөз: «BBC Русская служба» сайты

Фото дереккөзi: Global Health NOW


Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудағы тәжірибесіне әлем қызығушылық танытуда

Өткен аптада қазақстандық медициналық мекемелер мен үкіметтік құрылымдардың өкілдері коронавирусты емдеу хаттамаларына, таралуына, ғылыми тәсілдеріне қатысты сессияларға қатысқан болатын.

Фото: Олжас Абишев

Кнопка домой
Бөлісіңіз