ДДСҰ ассамблеясы: Қазақстан коронавируспен күрес тәжірибесін бөлісті

324 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ассамблеясының 73-сессиясына Қазақстан делегациясы онлайн форматта қатысуда, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына COVID-19 дайындық, халықты ақпараттандыру мен өзге де маңызды тақырыптар жөнінде берген техникалық ұсынымдары үшін алғыс айтамыз. Біз жүйені нығайту үшін шаралар жасадық. COVID-19 вирусымен күреске бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қостық. Жұқтыру жағдайларын тоқтату үшін барлығын жасап жатырмыз, әлсіз топтарға көңіл бөлудеміз. Тағы бір маңызды мәселе: цифрлық технологияларды кеңінен қолдану. Бұл коронавируспен тиімді күресу үшін жаңа мүмкіндіктерді береді» деді ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында.

Ол Қазақстанның бастапқы медициналық-санитарлық көмек рөліне қатысты барлық ережеге айрықша мән беретінін атап өтті.

«Мұнда бастапқы медициналық-санитарлық көмектің маңызды екенін баса айтқым келеді. Ол коронавируспен күресте айрықша рөл атқарады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек саласында бекітілген басты ұстанымдарды сақтау қажет. Барлығымыз COVID-19 қарсы күресте бірігіп, вакцина мен тиімді емдеу тәсілдерін жасауымыз керек. Барлық медициналық қызметкерге жанкешті еңбегі үшін алғыс айтқымыз келеді, бұл дағдарысты бірлесіп қана жеңе аламыз» деді Т. Сұлтанғазиев.

Дереккөз: Қазақпарат агентігі



Кнопка домой
Бөлісіңіз