ДДСҰ: Дексаметазон ауыр науқастарға үміт береді

395 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры, доктор Тедрос Гебрейесус коронавирусқа қарсы зерттеулер мен әзірлемелер ерекше қарқынмен жүргізіліп жатқанын айтты. Ол кеше Ұлыбританиядан келген хабарламаны еске ала отырып, ауыр науқастардағы COVID-19 өлімін төмендетуге көмектесетін дексаметазонның алдын-ала клиникалық сынақтары туралы айтты.

Зерттеулерге сәйкес, бұл кортикостероид жасанды тыныс алу кезінде пациенттердің өлімін бестен бірге, ал өкпені жасанды желдетуді қажет ететіндер арасында үштен бірге азайтуға қабілетті.

ДДСҰ ескертеді:  зерттеу көрсеткендей, дексаметазон тек ауыр науқастарға көмектеседі және жеңіл белгілері бар науқастарға оң әсер етпейді.

ДДСҰ-ның Бас директоры бұл препаратты қолдану қатаң медициналық бақылауда жүргізілуі керек екенін баса айтты. Жақында ДДСҰ дексаметазонды қолдану туралы нұсқауларды шығарады.

Дереккөз: БҰҰ жаңалықтары сайты.


Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз