ДДСҰ ЕАБ директоры доктор Ханс Клюге: Қазақстан – COVID19-ға қарсы күш-жігердің тамаша үлгісі

Дереккөз: Доктор Ханс Клюге/Twitter
28  318 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры доктор Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы жүргізіп жатқан күрес шараларына жоғары баға бере отырып былай деді: «Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі». Доктор Ханс Клюге Twitter-де Қазақстанның індетке қарсы атқарған жұмыстарын өте жоғары бағалады.

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавируске қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:

  • күшейтілген бақылау;
  • тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін;
  • мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;
  • профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;
  • науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы;
  • зерттеудің жүргізілуі.

Дереккөз: Доктор Ханс Клюге/Twitter


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой
Бөлісіңіз