ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір қазақстандық вакцинаны тіркеді

101 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакциналық үміткерлер тізіміне наноэмульсивті майлы адъювант негізіндегі SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинасы енгізілді.

Вакцинаның 9 қыркүйекте тіркелгенін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов Фейсбук парақшасында жазды. Бұл вакцинаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің М.Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бірлесе жасап шығарған. Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр.

Бөлісіңіз