ДДСҰ коронавирус індетіне байланысты жағдайға сергек қарау керектігін ескертті

209 қаралу саны

ДДСҰ өкілдері Женевада өткен брифингте коронавирус жағдайы қайтадан басынан басталуы мүмкін екенін және оған дәлел барын ескертті. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтары сайты хабарлады.

Ұйым таратқан мәліметке қарағанда, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 млн-ға жетіп, одан 640 мыңнан астам адам көз жұмды. Жалпы жағдай өте күрделі: вирус кей жерде агрессиялы түрде таралып жатса, кей жерде ауру жұқтырудың жаңа оқиғалар саны өте төмен, эпидемияны жеңген деп көрінген кейбір елдерде жаңа оқиғалар пайда болуда.

«Бірде бір елдің карантинге қайтып оралғысы келмейтіні түсінікті. Және оның экономикалық, өзге де зардаптары жеткілікті. Бірақ біз вирустың таралуы қалай жүретінін түсінетін болсақ, оған жауап шараларды қолдана аламыз. Бұл нейрохирургиядағы жағдай сияқты: миға ота жасалғанда, хирург дәрігерлер проблема жасырынған жерге жету үшін, микроскоптарды қолданады» деді ДДСҰ Төтенше жағдайлар бойынша атқарушы директоры Майк Райан.

Оның айтуынша, қолданып отырған шаралар нақты әрі жүйелі сипатта болуы тиіс – егер «нұсқау әрбір екі сағатта өзгеріп отырса», бұл тұрғындар үшін өте ауыр, адамдарды кері әсерде қалдыруы мүмкін. ДДСҰ қандай да бір кезеңде нақты шаралар қолданып, олардың нәтиже беруіне көз жеткізу қажеттігін ұсынады. Ол сондай-ақ, жұқтыру оқиғаларын белсенді түрде анықтап, қадағалау жүргізіп отырған және «проблеманы ашуға тырысып жүрген» елдерге қарсы шықпауға шақырды.

Дереккөз: БҰҰ жаңалықтары сайты.

Бөлісіңіз