ДДСҰ: Коронавирус індетіне байланысты жарияланған жаһандық төтенше жағдай режимі алынбайды

Фото: Павел Михеев / Reuters
314 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай режимін алып тастамайды. Бұл туралы жұма күнгі брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты.

«Мен осыдан үш ай бұрын төтенше жағдай жөніндегі комитеттің отырысын өткізіп, олардың нұсқауын алдым. Содан кейін жаһандық төтенше жағдай режимін жарияладық. Бұл – ДДСҰ үшін қауіптің ең жоғары деңгейі» деді Т. Гебрейесус.

Бейсенбіде ұйымның төтенше жағдай жөніндегі комитеті қайта жиналып, пандемияның даму барысына баға берді. «Әрине, әзірге пандемия денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы зор төтенше жағдай болып қала береді» деп атап өтті Тедрос Адханом Гебрейесус.

Оның айтуынша, халықаралық медициналық-санитарлық ережелерге сәйкес төтенше жағдай комитетінің отырысы 90 күннен кейін немесе қажет болған жағдайда одан ертерек қайта өтуі мүмкін.

Дереккөз: ДДСҰ сайты

Фото дереккөзі: Павел Михеев / Reuters


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз