ДДСҰ коронавирус зардаптарының ондаған жылға созылатынын айтты

154 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай режимін үш айға ұзартты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым комитеті қазіргі жағдайдың қауіптілігін ескеріп төтенше жағдай режимын үш айға ұзартты.

ДДСҰ бас директоры Тедросу Аданому Гебрейесус коронавирустың жаппай тарауы жүз жылда болатын дағдарыс және оның зардаптары ондаған жылдарға созылатындығын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта көп проблемалар шешілгенімен әлі де түйінді мәселелер жеткілікті.

Денсаулық сақтау ұйымының соңғы таратқан мәліметтеріне қарағанда, короанавирусты әлемде 17 396 943 адам жұқтырып, одан 675 060 көз жұмған.

Бөлісіңіз