ДДСҰ шешек ауруын жоюдың 40 жылдығын атап өтті: COVID-19 вирусын жоюға үміт көп

Фото дереккөз: Globalfreedommovement.org
351 қаралу саны

1980 жылы 8 мамырда 33-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ресми түрде «Әлем және оның барлық халықтары шешек ауруынан құтылды» деп жариялады.

Адамзат шешекпен 3000 жыл бойы күресті. ХХ ғасырдың өзінде 300 миллион адамның өмірін қиған бұл аурудың жойылғанын белгілеген Декларацияның қабылданғанына кеше 40 жыл толды.

Аталмыш жұқпалы ауру Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының он жыл бойы ғаламдық күш-жігерінің арқасында тоқтатылды. Бүкіл әлемдегі мыңдаған медицина қызметкерлері шешек ауруын жою үшін жарты миллиард вакцинация салды.

Шешекті жоюға сол кезде жұмсалған 300 миллион АҚШ доллары  1980 жылдан бастап әлемге жыл сайын 1 миллиардтан астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беріп келеді.

Кеше ДДСҰ-ның штаб-пәтерінде виртуалды іс-шарада шешекті жоюдың негізгі кейіпкерлерімен сөйлескен кезде ДДСҰ Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебреесус былай деді: «Әлем COVID-19 пандемиясымен бетпе-бет келген кезде адамзаттың шешекті жеңгені еске түседі. Бұл денсаулық сақтаудың жалпы қаупін жою үшін барлық елдер бас біріктіру керек екенін тағы да білдіріп тұр».

Ғаламдық ынтымақтастықтың керемет үлгісінің, қауіпсіз және тиімді вакцинаның арқасында әлем шешек ауруынан құтылды. Шынында да, ынтымақтастық пен ғылым бас біріктіргеннен асқан ғажап шешім жоқ!

Дереккөз: ДДСҰ сайты

Фото дереккөз: Globalfreedommovement.org


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой
Бөлісіңіз