ДДСҰ: зерттеу есебінде қазақстандық жасөспірімдер денсаулығы қандай деңгейде?

Фото: Almaghrib Today
313 қаралу саны

Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі отбасында, мұғалімдер мен құрдастары тарапынан жиі қолдау көреді. Бұл туралы ДДСҰ-ның  11-15 жастағы балалардың денсаулығына қатысты зерттеу есебінде жарияланды.

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының «Жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда» деген есебінде 45 елден 11, 13 және 15 жас аралығындағы 227 441 оқушының  денсаулығы, әлеуметтік қатынастары және психикалық әл-ауқаты туралы ауқымды деректер жинақталған.



Есепте Қазақстанда оқушыларды өз отбасы (81%), мұғалімдер (72%) мен құрдастары (64%) үнемі қолдап отыратыны жазылған.⠀

Есепте «Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеу нәтижелері берілген.

Зерттеу әр 4 жыл сайын жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен жүзеге асырылды.

Қазақстандағы жастар арасында:⠀

● Балалардың көпшілігінің (81%)  психикалық денсаулығы/әл-ауқаты жақсы. Дегенмен, әрбір бесінші жасөспірімде әрі қарай диагностиканы талап ететін депрессия белгілері байқалады.

● Күн сайын жасөспірімнің 38% жеміс-жидек, ал  43%  көкөніс тұтынады.

● Әрбір алтыншы жасөспірім күнде құрамында қант бар сусындар ішеді.

● 15 жастағы жасөспірімдердің ішінде ер балалардың 35% және қыздардың 27% дене қозғалысына қатысты ДДСҰ ұсыныстарын сақтайды.

● 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген.

● Жасөспірімдердің 12% кем дегенде бір рет кибершабуылға ұшыраған.

Әлеуметтік зерттеу нәтижесін толығырақ мына сілтемеден оқуға болады.

Сурет дереккөзі: Almaghrib Today


Референс-зертхана коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

Дереккөз: zakon.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз