ДДСҰ жасы мен «өтіліне» қарамастан темекі шегуден бас тартуға шақырады

329 қаралу саны

31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні. Бұл күн темекі тартудың, сондай-ақ пассивті темекі шегудің салдары туралы кеңінен ақпарат беруге себеп болады. Қазіргі уақытта әлемде әрбір оныншы ересек адам темекінің салдарынан қайтыс боп жатыр. ДДСҰ деректері бойынша, жыл сайын «темекі індетінен» кемінде 8 миллион адам қайтыс болады. Темекі шегу және қайталама темекі түтінінің әсері көптеген аурулардың өрбуіне қауіп төндіреді. Мысалы, өкпе обыры мен созылмалы респираторлық аурулар. Тыныс жолдарының ауыр зақымдалу қаупі, сондай-ақ демікпенің, пневмония мен бронхиттің пайда болып, күшеюі, егер балалар темекі түтінін жұтатын болса, қауіп төндіреді.

ДДСҰ жасы мен «өтіліне» қарамастан, темекі шегуден бас тартуға шақырады. Темекі шегушілердің 90% -ға жуығы өз бетінше темекіні тастауға тырысады. Олардың жартысынан көбі сәтсіз әрекеттерден кейін бұл әдетті қайта бастайды. Мұндай жағдайда мамандандырылған медициналық мекемелерге жүгіну ұсынылады. Барлығы темекі шегудің зияны туралы біледі, бірақ темекіні әркім тастай алмайды. Қазақстанда темекіге қарсы орталықтар жұмыс істей бастағанына 11 жыл болды. Бұл орталықтар барлық ниет білдірушілерге емдеу-алдын алу көмегін көрсету үшін құрылған, білікті мамандардан көмек алу үшін жасырын түрде хабарласуға болады.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО Фейсбук парақшасы

Сурет: Правда.ру

Кнопка домой
Бөлісіңіз