ДДСҰ: 4 маңызды шара

Фото: ДДСҰ: 4 маңызды шара
236 қаралу саны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетімен күресу мәселесінде 4 маңызды шараны атады. Олар – оқшаулау, тест жүргізу, емдеу және жаңа науқастарды анықтау. ДДСҰ басшысы Тедрос Гебреисус ұйымның брифингінде осы басты төрт шара коронавирустың таралуын азайтып, жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы серіктестерімен бірге бірқатар елде зерттеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. «Ынтымақтастық сынағы» (Solidarity trial) деп аталған бұл зерттеуге Аргентина, Бахрейн, Канада, Франция, Иран, Норвегия, Оңтүстік Африка, Испания, Швейцария және Таиланд қосылуға келісім берген. ДДСҰ басшысы Тедрос Гебреисус өзге де елдер ынтымақтастық білдіруге келісім беретініне сенім білдіріп отырғанын жеткізді.

Бөлісіңіз