Дене қызуы шекті нормада

Фото: Дене қызуы шекті нормада
311 қаралу саны

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жасы туралы айтып берді. «Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына қатысты 25 жағдай тіркелген.

Оның ішінде, 17 жағдай немесе науқастардың 68 пайызы – 30 бен 49 жас аралығында, 4 оқиға – 50-59 жас, 3 оқиға – 18-29 жас аралығында және бір оқиға – 14 жастағы жасөспірімде кездесті» деді басқарма басшысы қала әкімдігінде өткен онлайн брифингіде. Сәуле Қисықованың айтуынша, қазіргі уақытта барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, еш шағымы жоқ және дене қызуы шекті нормадан аспаған.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз