Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: Жұқпалы ауруханалар екі деңгейлі ағынға бөлінеді

227 қаралу саны

«Енді біз денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын қайта қарастырамыз. Карантиндік ауруханалар болмайды, өйткені олар жатып емделуге бағытталған. Алдағы аптада провизорлық және жұқпалы стационарлар жақын арада бірінші және екінші деңгейлі ағымдағы деп бөлінетін жұқпалы аурулар стационары болып ауысады. Бірінші деңгей – жұқпалы аурулар ауруханалары, онда жасанды тыныс алу аппаратының саны артады және инфекциялық ауруларды емдейтін негізгі мамандар сонда болады. Екінші деңгей – салыстырмалы түрде аурудың жеңіл түрін емдейтін клиника болады»  деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, тест оң нәтиже көрсеткен науқастар мен осыған ұқсас диагнозы бар науқастар әртүрлі қабатта жатады. «Жоғары қабаттарда Covid-19 расталған науқастар жатса, астыңғы қабаттарда пневмониямен жатқан науқастар ауру деңгейіне қарай бөлініп жатады»  дейді ол.

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы

Бөлісіңіз