Денсаулық сақтау министрі бас дәрігерлерге қоқан-лоқы жасады ма?

242 қаралу саны

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенжерінде күні кеше тағайындалған Денсаулық сақтау министрінің селекторлық жиын өткізіп, онда бас дәрігерлер мен денсаулық сақтау басқармалары басшыларына әлеуметтік желідегі теріс пікірлер үшін ұрысқаны, жұмыстан қуатынын айтқаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Дәл осы мәселеге орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме беріп, ақпараттың жалған екендігін айтып отыр.

«Құрметті азаматтар әлеуметтік желіде тараған сенімсіз ақпараттарға бой алдырмай, тек ресми дереккөзге сенуге шақырамыз. Барлық сенімді ақпараттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік парақшаларынан ала аласыздар» деді денсаулық сақтау ведомствосынан.

Сонымен қатар министрлік қасақана жалған ақпарат таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы

Ары қарай оқу:



Кнопка домой

Бөлісіңіз